Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Үй жағдайында шашқа арналған қандай маскалар жасауға болады?

Талқылау
Пікір
Аяжан
27 Мамыр, 16

Шаштың түсуіне қарсы маска

1-әдіс. Бір шай қасық майсана майы, бір шай қасық бал, бір жұмыртқаның сарысы, екі шай қасық сусабын, бір пияздың шырынын жақсылап араластырыңыз. Қоспаны сәл қыздырып, бас терісіне жақсылап жағыңыз. Шашыңызды орамалмен орап, масканы бір сағат көлемінде ұстаңыз. Белгілі уақыт өткен соң шашыңызды жылы сумен жуыңыз. 

Құрамындағы пияз шырыны себепті масканың иісі жағымсыз болады. Алайда, пияздың арқасында масканың шаш түсуіне қарсы әсері нәтижелі бола түседі. 

2-әдіс. Майсана майына одан екі есе көп мөлшерде қызыл шарап немесе арақ қосыңыз. Араластырып алып, масканы шаштың түбіне жағыңыз. Шашыңызды орамалмен орап, масканы шашыңызда 1 сағаттай ұстаңыз. Артынша жылы сумен жуыңыз.

Зарина
27 Мамыр, 16

Шаштың жылдам өсуіне көмектесетін қыша ұнтағымен жасалатын шашқа арналған маска.

1-әдіс. Қыша ұнтағының бір ас қасығына аздаған су қосып, бір шай қасық қант саламыз. Араластырып аламыз да, шашымызға жағамыз.

2-әдіс. Бір ас қасық қыша ұнтағын аламыз. Оған 1-2 жұмыртқа сарысын, 100 мл айран қосамыз. Барлығын жақсылап араластырып, шашымызға жағамыз. (Мұндай масканы жуып тастарда сусабын қолданбасаңыз да болады)

Масканы шашымызға жаққан соң, басымызды орамалмен мен полиэтиленмен орап, масканы 30-60 минут көлемінде ұстау қажет. Артынша шашымызды сусабынмен жуамыз. Егер шашыңыз құрғақ болса, маска жақпастан бұрын шашыңыздың ұшына май жағып қойыңыз.

Мұндай масканы аптасына бір рет жасасаңыз жеткілікті. Ал майлы шаш иелеріне бір аптада екі рет жасауға болады.

Наргүл
27 Мамыр, 16

Шаштың өсуін жылдамдатып, қалыңдататын маска

1-әдіс. Майсана майы, спирт, лимон шырынын бірдей мөлшерде алып, жақсылап араластырыңыз. Қоспаны шаштың түбіне жағып, ұзағырақ ұстауға тырысыңыз. Мүмкіндігіңіз болса, масканы түні бойы ұстаған жөн. Артынша шашыңызды жылы сумен жуыңыз. 

Мұндай масканы жиі жасап тұрсаңыз, шашыңыздың жылдам өсе бастағанын байқайсыз. 

2-әдіс. Майсана майы мен қырмызыгүл тұнбасын бірдей мөлшерде араластырып алыңыз. Бас терісіне жағып, масканы жарты сағаттай ұстаңыз. 

Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
Асия Бердибаева
4 жылы бұрын пайда болды

Ақжелкенді үй жағдайында денсаулыққа, бет күтіміне пайдалану жолдары

0
Сұлу
7 жыл бұрын пайда болды

Мойынорағыш ораудың қандай үлгілері бар?

1
Гүлзат
7 жыл бұрын пайда болды

Үй жағдайында қалай қас жұлуға болады?

1
Марал
7 жыл бұрын пайда болды

Аяғым қысқа болса, қалай ұзартуға болады?

2
Регина
7 жыл бұрын пайда болды

Босанғаннан кейін қалай жылдам арықтауға болады?