Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Алматы облысында емдік қасиеті мол тұзды көл бар екені рас па?

Талқылау
Пікір
Данышпан
27 Мамыр, 16

Бұл жайлы "Желтая газета" былай дейді

Алматы облысында Балқаш маңындағы шағыл құмдар арасында жатқан ыстық қайнар көздері бар ерекше көл бар. Мұндағы су күшті тұз ерітіндісі сияқты. Ал көл түбінен күкіртті сутек көтеріледі екен.
Халық аңызына сәйкес, Райхан есімді әйел алапес дертіне шалдығып, күйеуі мен балалары одан теріс айналады. Күйінген әйел басы ауған жаққа кетіп қалады. Арада бір-екі күн өткен соң денесіндегі жаралар қанталап, іріңдей бастайды. Сапарының үшінші күнінде Райхан құмды далада айнадай жалтырап жатқан көлдерді көреді. Олардың біріне батып өлуді ұйғарған әйел көлге беттеп, суға күмп береді. Алайда қаншама тырысқанына қарамастан, су оны жағаға лақтырып тастай береді. Бірнеше талпыныстан соң әл-қуатынан айырылып, жағаға келіп, ұйықтап қалады. Таңертең ұйқыдан оянаған әйел денесіндегі жаралардың жазыла бастағанын байқаған. Ол дертінен әбден айыққанша көл жағасында өмір сүріп, бірнеше жылдан соң шаңырағына оралған.
Осы уақытта Ұлы Отан соғысы басталған-ды. Соғыстан оралған жаралы әсерлерді Райхан-ана көлге әкеліп, емдегені ел аузында айтылып жүр. Өмірінің соңғы шағына дейін көл жағасында адамдарды түрлі дерттен емдеген әйел ақтық демі үзілер сәтте өзін осы жерде жерлеуін сұраған. Содан бері бұл өңірге ем іздеп келгендер өзімен бірге сексеуіл бұтағын ала келіп, құрметі ретінде емші бейітінің басына қалдыратын болған. Жұмақ көлінің тереңдігі 4-6 метрді құраса да, онда батып кету мүмкін емес. Көлдің түбі күкіртті сутекпен қыздырылады. Күшті тұзды ерітіндінің өзінде тіршілік қыз-қыз қайнап тұр. Көлдің тереңінде айдаһарға ұқсас ұсақ жаратылыстар тіршілік етеді. Айтуларынша, олар суды таза қалыпта ұстайды екен.
Жергілікті тұрғындардың сөзінше, көл жағасында улы газбен улану мүмкін. Ал суға күніне 3-4 рет 20 минуттан ғана түсуге болады.

Әлем бойынша категориясындағы басқа сұрақтар
1
Марлен
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең терең мұхит және оның тереңдігі қанша?

1
Жанат
1 жыл бұрын пайда болды

БҰҰ штаб пәтері қай қалада орналасқан?

1
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең тұзды теңіз?

1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Әлемдегі ең үлкен теңіз қандай?