Жамбыл Жабаев
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Абужақынова мен Серікбаевтың Түркиядағы турнирдегі алғашқы қарсыластары анықталды
Жамбыл облысында әйел қызының мешіттегі қылығы үшін сотқа тартылған
Алматыда тау бөктеріндегі құрылыстарға бақылау күшейтіледі
Алматыда тұрғын үй кешенінің күзетшісін өлтірген күдікті 14-қабаттан секірмек болған (видео)
Ұлттық құрамадан жанжалмен кеткен Ангелина Лукас олимпиадаға лицензия беретін іріктеу турниріне қатысуға мүмкіндік алды
Нүкенова Бишімбаевтан 8 рет кетіп, қайтып келген – Салтанаттың ағасы
"Әкеме несие алғыздым": 19 жастағы алматылық қыз бұрынғы жігіті зорлағанын, артынша миллиондап қарызға батырғанын айтты
Бишімбаев әйелін ұрып, балаларға ұрысқан, ата-анасымен жанжалдасқан: Сотта экс-министрдің үйінде өзін қалай ұстағаны белгілі болды
Балалармен жұмыс істеп, тәжірибе жинауға мүмкіндік алдым – Ұрпақтар келісімшарты жобасына қатысқан жас маман
Этникалық екі қазақ UFC-ге жолдама беретін турнирде жұдырықтасады
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
48
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
249
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
Жерді болжап айқаспақ
Жабықпаған Ленинград,
Сталин әмір берген шақ:
Сап-сап болып қол барар,
Қорғап сені ол қалар.
Қатты майдан алда бар,
Жанышталар айдағар!
Жаталмаймын төсекте,
Жаным қалай жайланар!
Құс ұйқылы көнемін,
Қайтып ұйқы көремін!..
Жетсін деймін сендерге
Жыл құсындай өлеңім,
Қаласындағы Лениннің
Сайып қыран өренім!
Сол тасқынға қосылған.
Қара көмір, қызыл мыс
Секілденіп жалын күш
Барып жатыр осыдан;
Сәт сағаты жеткенде,
Көсем жарлық еткенде,
Жаудың тілі байланар,
Солар сөйлеп кеткенде!
Оққа ұқсаған дәндерім,
Қызыл шырай алмалар
Бал татытып дәмдерін,
Барып жатыр бәрі де —
Жүйрік пенен жорғалар.
Соның бәрі көмегім,
Қанқұмарды жеңуге.
Желкесінен жегенін
Сығып ала беруге!
Уа, қаһарман өренім,
Мақтанышым, беделім,
Сырда тұрып аңғарам
Құтырған жау өрлерін.
Торыққаннан ұлыйды
Торып қала көлемін.
Жамбыл тұрып тыңдаса,
Сараң тартқан құлағын,
Жаңғырығып тау-тасқа,
Күнде келер бір жаңа үн:
Жауға жұртты шақырған.
Сайып қыран Жданым —
Мектеп, завод, шахтыдан
Жыйнаған ұл, қыздарын.
Ворошилов қол бастап,
Нажағайдай ойқастап,
Қаймықпауға, қайтпауға
Кәрі, жасқа ой тастап;
Жасандырған жасағын
Келген жауды түйіліп.
Жеңген едің бұрын да
Жау сүйегі үйіліп
Қалған өзен, қырында.
Патша қолы — құлдары,
Қырғын тауып бұлдағы,
Сонау соғыс кезінде,
Құмың болған «құндағы!»
Ленин шәрі қайратты
Ол бір өткен күнінен
Жауға қатал айбаты
Аңғарылар түрінен.
Қамалына оқ дарымас,
Ол бір құрыш асыл тас,
Бақшасының қақпасы
Жау қолына табылмас!
Қаласына Лениннің
Жан-жағынан елімнің
Ағытылған от арба,
Батырларын жіберген
Ауыл, қыстақ, шәһәр да,
Ел салмағы қорғасын,
Қорғағалы ордасын,
Құйып жатыр қалаға,
Деп жауымыз сорласын!
Қазақстан жерінен
Мұнай да ағып тасыған;
Сұр қорғасын темірмен
Дегеніне жетпес ол,
Қақпа алдында қансырар,
Келген шығар айдап сор,
Жылан басы жаншылар,
Жау түнегі аршылар.
Тағы сайрар бұлбұлдар,
Тағы жайнар жұлдыздар,
Масайрасар, ұл, қыздар!
Ұлы халық өскен жер,
Бауыр басқан жасымнан,
Жау зақымын көрсеңдер,
Дауысың шығар ашынған.
Оқтар тиіп, өрт шалып,
Дүние мүлік шашылған.
Қанішер жау жүр шауып,
Арандары ашылған...
Білем, бірақ, өмірі аз,
Сондықтан жау ентелер:
Ажалына асыққан
Обырларды жұтар жер.
Қарсы аттанды жауға жұрт,
Көтерілді қалың ел.
Жау батпаны жатыр деп,
Қайысқан жоқ біздің бел.
Тірек болған еліме,
Туым едің сен алғаш,
Ленинградтың төріне
Жау аяғын сала алмас!
Сол келген соң жоғалған
Замананың түнегі!
Өмірімнің жұлдызы
Енді сенсің дегенім.
Ленинград ұл, қызы,
Қайыспаңдар өренім!
Дүкенінде жасалған
Машиналар алуанын,
Киров әкеп еліме,
Қуаныш қып алғамын.
Сендерменен қашаннан
Аға, інілі болғамын.
Жоқ қой дегем Алматы,
Енді менің арманым.
Су қыраны секілді,
Балтықтағы ерлерім,
Сыйлық алып не түрлі
Келгендерін көргемін:
Бірге тойлап тойымды,
Бірге көрген серуенім.
Немерем мен шөберем
Бесігіңде сендердің,
Жастайынан үйренген
Ғылым, білім өрнегін.
Бүгіп Жамбыл тыңдаса—
Естиді жау келгенін;
Есігіңе таласып,
Созыпты обыр өңмеңін;
Естерінен адасып,
Жолына үйіп өлгенін,
Жеті басты жалмауыз
Жайыпты қан шеңгелін...
Саудыратып сүйегін,
Топыраққа көмгелі.
Қазақстан жерінен,
Тұтағандай ел кегі,
Жолды кернеп қол кетті
Сендерге дем бергелі,
Нева алабын қорыңдар
Ленинградтың ерлері,
Ұрпаққа үлгі болыңдар,
Заманымның өрнегі!
Ата-бабаң баяғы
Аян еді Жамбылға;
Құрсаулы қол, аяғы,
Аударылған ауылға.
Төрт патшадан теперіш
Көргендерін білем мен.
Петербордан қара күш
Құласа деп тілеп ем.
Тілей-тілей өмір өтті
Сақал, шашым ағарып;
Сонда бір күй тебрентті
Балтық толқып дем алып...
Жаңғырығы құлақтан
Кетпейтін бір күн еді.
Ел жүрегін қуантқан,
Ленин кесем үні еді!
Сөзі нұрдан жаралған
Ленин ыстық күн еді,
Жамбыл Жабаевтың "Ленинградтық өренім" өлеңі
Ленинградтық өренім!
Мақтанышым сен едің!
Нева өзенін сүйкімді!
Бұлағымдай көремін.
Көпіріне қарасам,
Көмкерген су көлемін,
Өркеш-өркеш жарасқан
Шоқылардай дер едім.
Сапырылған көк теңіз
Шомылдырып кемерін!
Шамы күндей жайнаған,
Аспанға үйлер бойлаған...
Арқа тұтып алыста,
Айбыным деп ойлағам!
Жасағам жоқ өмірді
Жау сойқанын көргелі,
Төккенім жоқ терімді!
Шер қылғалы кеудені.
Жасалған жоқ салтанат
Жаудың болуға ермегі.
Жауда қалып Ленинград,
Жаралған жоқ көнгелі! —
Жасағамын өмірді
Жау біткенді жеңгелі;