Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Артроз деген не?

Талқылау
Пікір
Інжу
31 Мамыр, 16

Артроз – буын ішіндегі шеміршектердің ақырындап бұзылуымен байланысты әрі дистрофиялық болып саналатын буын ауыруы. Артроз ауруымен ауырғанда сүйектердің буынға жақын бөліктерінде өзгеріс орын алып, қабыну процессі жүріп, буын маңындағы тіндерде дегенерация болады. Оған қоса "артроз" ұғымына түрлі себептермен пайда болып, даму механизмі ұқсас дегенеративті-қабыну сипатындағы аурулар тобы да кіреді. 

Артроз буындағы зат алмасуының бұзылуы себепті пайда болады. Ал ол өз кезегінде сіңірлердің созылмалылығының жоғалуына алып келеді. Оған шеміршек құрамындағы протеогликандардың толық немесе аз мөлшерде жойлыуы сеп болады. 

Мамандардың айтуы бойынша, буындағы шеміршектердің бұзылуына зат алмасуының бұзылуы, гормоналдық бұзылу, буындардағы қанағымының төмендеуі, тұқым қуалаушылық факторы, жас ұлғаюы, жарақат алу және құздамалық артрит,, псориаз сеп болуы мүмкін. Алайда, көп жағдайда артроз буындарға нормадан тыс салмақ түсуі себепті орын алады. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?