Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Амангелді Иманов несімен әйгілі?

Талқылау
Пікір
Бағым
31 Мамыр, 16

Иманов Амангелді Үдербайұлы - 1916 жылғы Ұлт-Азаттық көтерлісітің Торғайдағы ошағының басшысы. Ол 1873 жылы қазіргі Қостанай облысының Амангелді ауылында дүниеге келген. Әкесі Үдербай Орта жүздің қыпшақ руынан шыққан. Олар Байқоңырға көшіп келіп, он жерде Үдербай жер шаруашылығымен айналысып, аңға шығып, балық аулаған. 

Амангелді 8 жасында әкесінен айырылған. Оның жастық шағы ағартушы Ыбырай Алтынсариннің қызметімен тұспа-тұс келді. 12 жасына дейін ауылдық мектепте білім алып, артынша Әбдірахман имамның медресесінде оқыған. Мұнда ол 3 жыл оқып, түрік, парсы, араб тілдерін меңгерген. 

1910 жылы Амангелдінің бастамасымен өз  руы тұратын Терісбұтақ ауылында мектеп тұрғызылады. Көтеріліске дейін Амангелді қазақ даласында халық азаттығын жақтаушы, патшалық режимге қарсы адам ретінде танылған. 

1916 жылдың 25 маусымында Николай ІІ жариялаған 16 мен 43 жас аралығындағ ер адамдарды майдандағы қара жұмысқа тарту туралы жарғысына байланысты қазақ даласында ел наразылығы орын алып, халық көтеріледі. Осы тұста көтерілістің Торғайдағы ошағын бастаушысы Амангелді Иманов пен Әліби Жангелдин болды. Торғай даласындағы көтерілістің өз күшіне мінгені сондай, оларға қарсы тұру патшалық Ресейге оңайға соқпады. Амангелді атты әскер құрып, әскери кеңеске сүйене отырып, басшылықты өзіне алды. Көтерілістің қызыған шағында Амангелді батырдың қол астында 50 000-ға жуық күрескер болған. 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?