Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Алоэ жайлы қандай деректер білесіздер?

Талқылау
Пікір
Аяулым
31 Мамыр, 16

Алоэ жайлы қызықты деректер:

  • Алоэ өсімдігінің емдік қасиеті отырғызғаннан 5 жылдан кейін пайда болады.
  • Алоэ - ерекше өсімдік. Ол сусыз 7 жыл шыдай алады әрі өсуін тоқтатпайды.
  • Алоэнің ішіндегі сұйықтықты жараға жағып, түрлі қоспалар, су, шай, шырынға қосуға болады. Ол тамақ ауруында, күйік шалғанда, т.б. жағдайларда көмектеседі.
  • Өз кезінде Египетті билеген әйел терісінің нәзіктігі үшін алоэні қолданған. Өсімдік әлі күнге дейін косметология саласында қолданылып келеді.
  • Біз өсімдік отырғызатын құмырада өсетін алоэні көріп үйреніп қалғанбыз. Ал алоэнің кей түрлері мүлдем кішкентай болады. Кей түрлері 15 метр биіктікке дейін өседі.
  • Алоэнің гүлдегенін көбіміз көргенбіз. Бірақ гүлдерінің ақ, сары, қызыл сары сияқты түрлі түсті болатынын біле бермейміз.
  • Жапонияда алоэ тағамдық өнім ретінде қолданылады. Ол жақта ішінде алоэ бөліктері бар сусын немесе йогурттар қалыпты жағдай.
  • Желе тәрізді алоэ шырыны медицинада, косметологияда кеңінен қолданылады. Алайда оның қабығын пайдаланбаған дұрыс. 

Жануарлар және өсімдіктер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айдос
1 жыл бұрын пайда болды

Аюлар Қазақстанның қай аймақтарында мекендейді?

 

.

1
Жанар
1 жыл бұрын пайда болды

Түлкінің баласы қалай аталады?

1
Қарлығаш
1 жыл бұрын пайда болды

Балықтар қалай тыныс алады?

1
Шыңғыс
1 жыл бұрын пайда болды

Медуза қалай тыныс алады?

1
Жансая
1 жыл бұрын пайда болды

Ағаш жапырағы жыл бойы қалай өзгереді?