Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Саяхаттау дегеніміз не тақырыбына эссе керек еді

Маған саяхат дегеніміз не деген тақырыбқа шығарма керек еді?

Талқылау
Пікір
Есенгелді
03 Шілде, 18
Саяхаттау - адамның өмірін жарқын ете түсетін, түрлі тәтті естеліктерге толтыратын дүние. Ол адамға қанат бітіріп, дүниетанымын кеңейтеді. Мен саяхаттағанды қатты ұнатамын. Әзірге шетелдерге шығып көрмедім. Бірақ еліміздің біраз өңірлерін, қалаларын араладым. Мен Алматыда тұрамын. Кішкентай кезімнен бері Семей, Астана, Көкшетау, Жезқазған, Балқаш, Алакөл, Атырау өңірлерінде болдым. Ол жақтардың ауа райы, табиғаты әр түрлі болса да, маған ұнады. Астанада зәулім әрі заманауи ғимараттарды көріп, Ақорданы, Бәйтеректі тамашаладым. Ал Семейде қазақтың бас ақыны, хакім Абай туылған жерде болып қайттым. Көкшетауға барғанымда Оқжетпес тауын, Жұмбақтасты, Шортанды көлін көріп, Бурабайдың тұмса табиғатының аясында болып қайттым. Ол жақта жаным ерекше рахат тапты. Сонымен қатар Абылай хан алаңы мен тағын көрдім. Болашақта мен шет елдерді аралағым келеді. Италияға, Америкаға, Францияға баруды армандаймын. Францияға барып, әйгілі Эйфель мұнарасын тамашалап, сол жерде отырып кофе ішіп, француздың круассанын жегім келеді. Сонымен қатар Кореяға барып, кәрістердің мәдениетімен танысуды армандаймын. Оған қоса Таиландқа немес Мальдив аралдарына барғым келеді. Жағажайда күнге қыздырынып, суға түссем деймін. Әр мемлекетке барғанда, өзімнің армандаған дүниелерімді жасап, жақсылап саяхаттасам деймін. Және болашақта солай болады да. Мен оған сенімдімін.
Асан
03 Шілде, 18

Мен саяхаттағанды ұнатамын. Мемлектіміз Қазақстанда көркі көз тартар көрікті жерлер көп. Сондықтан әлемнің басқа түкпірлеріне жол тартпас бұрын, туған даламның сұлулығын тамашалағанды жөн көремін. 

Өзім Алматыда туып-өскендіктен, табиғаттың тұмса сұлулығын көріп өстім. Сұлу қалам Алматының көрікті жерлері өте көп. Биші қайыңдар, Шымбұлақ, Медеу мұзайдыны менің жиі баратын жерлерім. Жыл сайын жазғы демалыста басқа қалаларға барып тұруды ұнатамын. Көкшетау, Семей, Жезқазған, Астанада қонақ болып қайттым. Әр өңірдің өзіне тән ерекшелігі бар. Маған Көкшенің сұлу табиғаты айрықша әсер қалдырды. Оқжетпес, Жұмбақтас, Абылайхан тағына бардым. Шортанды көлін көріп қайттым. Мұндағы табиғат, ауа райы, бәрі де  тамаша. 

Ал Астана мен Жезқазған, Семейде бір салқындық бар. Қысы суық, жазы салқынырақ екен. Десе де адамдарының мінезі жайсаң, жарқын. Қай жерде болсын құшақ жая қарсы алып, сый-құрметке бөледі. 

Маған өз елім, елімнің әр қаласы ұнайды. Қазақстан бойынша түгелдей саяхаттап, онан соң басқа да мемлекеттерді көргім келеді. Бірақ Отаныма еш мемлекеттің жетпейтіні анық. 

Эссе мен шығармалар жиынтығы категориясындағы басқа сұрақтар
0
Batyrkhan_kausar
2 жылы бұрын пайда болды

"Ұшқан ұя" (Бауыржан Момышұлы) қысқаша мазмұны бар ма?

0
Назерке
2 жылы бұрын пайда болды

Басқаға ұқсау оңай ма? тақырыбында эссе

0
Araika
3 жылы бұрын пайда болды

Отбасы туралы эссе барма??

0
Ера
3 жылы бұрын пайда болды

«Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.

 «Ұлы саяхатшы- Герадот» тақырыбына эссе жазады.

Бағалау критерийі:

Эссе жазады

Эссе құрылымын сақтайды

 

3 аргумент келтіреді

 

Дәлелдері жеткілікті

 

Тақырыпты аша алады

 

Өзіндік көзқарасы, пікірі бар

Орфографиялық норма

 Сауатты жазады

3
Аяаулым
5 жыл бұрын пайда болды

"Мен жүйрікпін" тақырыбында эссе бар ма?