0 интересует 0 не интересует
спросил 31 Май, 16 от Дана в категории Танымал тұлғалар

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Спандияр Көбеев - жазушы, қоғам қайраткері, Қазақ ССР-нің еңбек сіңірген мұғалімі, ауылдарда мектеп ашқан адам. 

Ол 1878 жылы Торғай облысында (қазіргі Қостанай облысы) дүниеге келген. Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ-орыс мектебінде сауат ашып, Қостанайдағы бастауыш сынып мұғалімдерін дайындайтын училищеде білім алған. Ыбырай Алтынсариннің ізін қуып, жолын жалғастырған Спандияр Көбеев балаларға орыс тілі мен әдебиетін оқытқан. Тұңғыш кітабы "Үлгілі тәржіме" деген атаумен 1910 жылы Қазанда баспа бетін көрді. К.Ушинскийдің "Родное слово" хрестоматиясындағы қағиданы негізге ала отырып, "Үлгілі бала" кітабын жазған. 1913 жылы "Қалыңмал" романын жазып, қоғамдағы әйел мәселесін көтереді.

Өскелең ұрпақтың тәрбиесі мен білімі жөнінде көп қалам ербеген жазушы әрі ұстаз көптеген ауылда мектеп ашуға белсенді атсалысқан. «Оқытушының беделді болуының маңызы», «Балаларды мәдениеттілікке тәрбиелеу», «Балаларды оқуға ынталандыру туралы» ғылыми мақалаларында педагогикалық көзқарасын, ұстанымын танытады. 

ответил 31 Май, 16 от Нұрдін