0 интересует 0 не интересует
спросил 04 Май от аноним в категории Кино мен ТВ

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует
Адамдарда бір көргеннен ұнату деген болуы мүмкін. Әр адамның қиялында болашақ жарының портреті болады. Ол өмірде сондай жанды кезіктіргенде бір көргеннен ұнатуы мүмкін. Ал бұл сезімі ұдайы шын ғашықтыққа ұласа бермеуі ықтимал. Себебі адамның өзі қалаған болашақ жарының қиялындағы портреті мен шынайы өмірдегі бейнесінде ұқсастық болғанымен, жан-дүниесі, мінезі өзі қалағандай болмауы және үйлеспеуі де бек мүмкін.

Сонымен қатар ғылымда ғашықтарды бір-біріне тартатын олардың гендері екені де дәлелденген. Яғни гені ұқсас адамдар бірін-бірі жақын тартады. Осы тұрғыдан алғанда да адамдар бір көргеннен бір-бірін ұнатып қала алады. Тек әрі қарайғы сезімі олардың арасындағы үйлесімділік пен мінездеріне байланысты.
ответил 02 Июль от Замира