Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Пиццаны қалай әзірлеуге болады?

Талқылау
Пікір
Гүлдерай
31 Мамыр, 16

"Маргарита" пиццасының рецепті

Қажетті заттар:

Қамыры үшін:

  • қарабидай ұны - 75 г
  • бидай ұны - 250 г
  • зәйтүн майы - 2 ас қасық
  • ашытқы - 7 г
  • теңіз тұзы - бір шымшым
  • сүт - 1 ас қасық
Салмасы үшін:
  • моцарелла ірімшігі - 1 дана
  • райхан - 1 байлам
  • томат соусы - 3 ас қасық
  • зәйтүн майы - 1 ас қасық
Дайындалуы:
  • Пешті 220 градусқа дейін қыздырыңыз. 75 г жылы суға ашытқыны ерітіңіз.
  • Ыдысқа қарабидай ұнын салып, ашытқыны құйып, қамыр илеңіз. Ыдыс бетін дымқыл шүберекпен жауып, жылы жерге қойыңыз. 30 минуттан кейін ашыған қамырға жылы сүт, 2 ас қасық зәйтүн майын және 125 г су құйыңыз. Ұн мен тұз қосып, 10 минут бойы қамыр илеңіз. Қамырды ұн себілген үлкен ыдысқа салыңыз. Дымқыл шүберек жауып, бір сағатқа жылы жерге қойыңыз.
  • Қамырды жұқалап жайыңыз. Пісіруге арналған қалыпты зәйтүн майымен майлаңыз. Оған қамырды салыңыз.
  • Қамыр бетіне томат соусын жағып, моцарелла ірімшігін салыңыз.
  • Қызып тұрған пешке қойып, 6-8 минут пісіріңіз. 
  • Дайын болған пиццаға райхан жапырақтарын себіңіз.
Астарыңыз дәмді болсын!
Тағам рецептері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айкөркем
5 жыл бұрын пайда болды

Бризольдің рецепті бар ма?

Браизольдің рецепті қазақша
2
Толқын
7 жыл бұрын пайда болды

Штрудель рецепті бар ма?

1
Жұлдыз
7 жыл бұрын пайда болды

Қысқа әзірлеген салаттар қатып қалса не істеу керек?

3
Майра
7 жыл бұрын пайда болды

Жаңа жылдық салаттар рецепті бар ма?

2
Майгүл
7 жыл бұрын пайда болды

"Цезарь" салатын қалай жасайды?