Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қазақстандағы 1917 жылғы Ақпан төңкерілісі жайлы не білесіздер?

Талқылау
Пікір
Бекмансұр
01 Маусым, 16

1917 жылдың ақпанында Ресейде буржуазиялық-демократиялық революция болып, монархия құлады.Қазақ халқы патшалық самодержавиенің құлауын қуана қабылдап, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің нәтижесі деп білді. 

Минскідегі фронт штабының жанындағы Қырғыз бөлімінің басқарушысы Әлихан Бөкейханов бұл турасында: "Туысқандық, теңдік және бостандық күні туды.Құрылтай жиналысы сайлауына әзірлену керек. Бірлік пен әділдік жолында күресіндер", - деген еді.

Ұлт-азаттық қозғалыстың басшылары демократия , бостандық пен теңдік орын алған уақыт ұлттық автономия құрудың уақыты деп есептеді.

1917 жылдың наурз-сәуір айларында Жұмысшы және солдат депутаттарының кеңесі құрылды. Орал, Верный, Ақмола, Семей, Әулие-ата сынды жеке қалаларда қырғыз (қазақ) ұлттық комитеттері пайда болды. Кеңестермен бір уақытта Уақытша басқару органдары қызмет етті. Бүкіл мемлекеттегі сияқты, Қазақстанда да қос үкімет орнады.

1917 жылғы Ақпан төңкерілісі бостандық пен теңдіктің жақтаушысы екенін жариялады. Бірақ ол ұлттардың құқығы мен өзін-өзі билеуін түпкілікті шешпеді. Оған қоса отарлық саясатты жоймады.  

Тыл жұмысындағылардың саяси санасының өсуіне олардың орыс жұмысшыларымен, солдаттармен араласуы сеп болды. 

1917 жылдың маусым айында Верный қаласында Қара жұмысшылар одағы құрылды. Ал Аягөзде 800 солдат пен тылдағы қазақ бірігіп, "Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын" құрған еді. Ал Петропавлда "Жас арбакештер ұйымы" құрылды.   

Тарих категориясындағы басқа сұрақтар
1
Дәурен
1 жыл бұрын пайда болды

Жалайыр қай жүзге жатады?

1
Ажар
1 жыл бұрын пайда болды

Найман қай жүзге жатады?

1
Бақытгүл
1 жыл бұрын пайда болды

Ұлы жібек жолы қай жерден басталды?

1
Динара
1 жыл бұрын пайда болды

Алтын Орданың негізін қалаған кім?

1
Қырмызы
1 жыл бұрын пайда болды

Сақтар Қазақстан аумағын қай уақытта мекендеді?