Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Туризм" мамандығы неге үйретеді?

Талқылау
Пікір
Данышпан
01 Маусым, 16

Туризм - қарқынды дамып келе жатқан сала. Бүгінгі күн көптеген мектеп бітіруші туризм бизнесі саласында жұмыс істеуді армандайды. Бұл мамандық білім, қабілеттілік, ниетке негізделеді. Туризм саласының маманы болу үшін бірнеше тіл біліп, география, тарих, мәдениет, психология, дін, бизнес заңдары және де басқа білімді терең меңгеру қажет. Және білгеніңнің бәрін іс жүзінде қолдана білу шарт. Және өз ісіңді әр күн сайын шаттықпен, ерекше ықыласпен орындап, әр клиентті құрметті қонақ ретінде сыйлай білу керек. Заманауи клиент - өзіне не қажетін білетін, төлеген ақшасына сай қызметті талап ете алатын талапшыл әрі білімқұмар адам. Сондықтан бүгінгі туризм саласы компьютермен жұмыс істей білетін, кем дегенде үш тіл білетін, топпен жұмыс жасай алатын,  жауапкершілік сезімі жоғары, әзілдей білетін, белсенді өмір сүретін, адамдармен тіл табысып, шешім қабылдай алатын, өз қаласын сүйіп, әлемдегінің барлығына қызығушылық танытатын, адамгершілігі мол мамандарды талап етеді. 

Бұл мамандық жер жүзіне саяхат жасап, түрлі қызықты бастан кешіріп, таңғаларлық әсер алуға мүмкіндік береді. 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Дидактика дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антитеза дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Хикаят дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Коучинг дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Вебинар дегеніміз не?