0 интересует 0 не интересует
спросил 01 Июнь, 16 от Қадыр в категории Тарих

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Біздің заманымыздан бұрынғы ІІ мыңжылдықтың басынан бері Қазақстан аумағында арий тайпалары өмір сүрген. Б.з.б. І мыңжылдықта олардың ізін жалғастырушы сақтар болды.

Ерте темір дәуірінің қорған, оба, қоныстар сынды түрлі археологиялық ескерткіштерімен қатар, Қазақстан аумағын мекен еткен халықтар жайлы жазба деректер де пайда болды. Ол - парсы жазбалары мен Заратустра уағызы Авеста. Заратустра - Спитама руынан шыққан арий. Ол б.з.б. 1500-1200 жылдар аралығында Қазақ даласында өмір сүрген. 

Авестада Қазақ даласын мекен еткен көшпелі тайпалар "жүйрік атты турлар" деп аталған. Ал көне парсы жазбаларында дәл осы тайпалар сақтар деп аталады. Мысалы, 2500 жыл бұрын иран патшасы Дарий І Бехистун жазбасын жазып, онда Сырдарияның солтүстігінде мекендеген тайпалар сақтар деп жазылған. Парсы деректерінде сақ тайпаларының, тайпа ішіндегі топтардың атаулары бар. Олардың қатарында парадарайя сақтары - теңіздің арғы жағындағылар, тиграхауда - шошақ бөрікті сақтар, хаомоварга - хаома сусынын дайындайтын сақтар, аримаспы сақтары - алтынды қызғыштай қорғауышлар бар.

 

ответил 01 Июнь, 16 от Айдын