Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Сапарғали Бегалин деген кім?

Талқылау
Пікір
Сымбат
02 Маусым, 16

Сапарғали Ысқақұлы Бегалин - ақын, жазушы, қазақ балалар әдебиетінің негізін салушылардың бірі. Ол 1895 жылы қараша айының 24 жұлдызында ШҚО Абай ауданы Дегелең ауылында дүниеге келген. Халықтар достығы орденімен, екі мәрте "Құрмет белгісі" орденімен және КСРО төсбелгілерімен марапатталған. 

Ол әдеби қызметін ақын ретінде бастаған. 1914 жылы "Қазақ бозбалаларына" атты алғашқы өлеңі "Айқап" журналында жарық көрген. "Қыран кегі" (1943), "Цимлян теңізі" (1953), "Сырлы қайнар" (1963) және тағы да басқа лирикалық поэмалары мен өлеңдерінде мемлекеттегі өзгерістер мен туған өлкенің сұлулығын жырлаған. Ақын жазған "Қанатты қазақ" (1947) поэмасы Кеңес одағының батыры Нұркен Әбдіровке арналған. Оның балаларға арналған "Ермектің алмасы" (1955, 1985), "Сәтжан" (1947, 1973, 1978), "Жас бұтақ" (1953), "Жеткіншектер" (1960), "Мектеп түлектері" (1961), "Шоқан асулары" (1971) және т.б. әңгімелері мен повестері бар. 

Сапарғали Бегалин қазақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинастырумен айналысып, Иса Байзақов, Доскей Әлімбаев, Шашубай Қошқарбаев, Төлеу Көбдіков сынды атақты қазақ ақындарының туындыларын жариялап, баспа бетіне шығаруға елеулі үлес қосқан. Сонымен қатар, Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығы жайлы монография жазған. 

Ақынның өлеңдеріне 50 шақты ән жазылған ("Қаракөз", "Көктем", "Бесік жыры", "Ақ көгершін", "Пионер әні", "Сағындым сені, сәулем-ай", т.б.).

Сапарғали Бегалин Пушкин, Лермонтов, Шевченконың өлеңдерін, Мамин-Сибиряк, Соловьёвтің әңгімелері мен повестерін қазақ тіліне тәржімалаған.

Қаламгер 1983 жылы 10 наурызда Алматыда дүние салған. 

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?