0 интересует 0 не интересует
спросил 02 Июнь, 16 от Анарбек в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Тіс ауырғанда мына тәсілдерді қолданып көруіңізге болады:

  • Тістерді, олардың арасын тамақ қалдықтарынан тазалап, мұнан әрі ауыз қуысының тазалығына мән беріңіз.
  • 1 стақан жылы суға 1 шай қасық ас содасын қосып, аузыңызды шайыңыз.
  • Мұзды сорыңыз. Оған қоса ауырған тіске мұз басып, 15 минут бойы ұстаңыз. Күніне 3-4 рет қайталау керек.
  • Қолыңызды уқалаңыз. Бұл әдіс тіс ауырғанда, ауыруды 50%-ға басуға көмектеседі. Қолыңыздың бас бармақ пен сұқ саусақ қосылған V тәрізді аумағын мұзбен ысқылаңыз. Мұзды ақырын-ақырын осы аумаққа 5-7 минут көлемінде басыңыз.
  • Тісіңіз ауырған жағыңызбен тамақ шайнамаңыз.
  • Ауыруды басатын анальгин, баралгин, седалгин және т.б. тәрізді дәрі-дәрмектерді қабылдаңыз. Алайда аспирин қабылдаудан сақ болыңыз. Себебі оның ауруды басатын әсері айтарлықтай үлкен емес және көп мөлшерде ішу қажет. Ал ол денсаулыққа қауіпті.
  • Жылытатын компресс жасамағаныңыз жөн. Бұл процедура жағдайда одан әрмен аурлатып, ары қарай ем алуда қиындық туғызуы мүмкін.
ответил 02 Июнь, 16 от Айман