0 интересует 0 не интересует
спросил 02 Июнь, 16 от Мағжан в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Смартфонның зияны

Ресейде жануарларға жүргізілген тәжірибе күштілігі ұялы телефон сәулесінен 20 есе көп мөлшерде бөлінген электромагниттік сәулесінің әсерінен көртышқандардың көз көруі айтарлықтай төмендегенін көрсеткен. Оған қоса жануралардың иммундік жүйесіне де зақым келген. ​Ал көртышқандар ғаламшардағы әр түрлі тіршілікке бейім келетін ең төзімді жаратылыс ретінде есептеледі.

Смартфонның жүйке жүйесі мен психикаға тигізер зияны

Смартфондар тұтынушылар нарығын жаулап алғалы бері ақылды гаджетпен байланысты көптеген невроз бен фобия пайда болды. Ресми медицина төмендегі кеселдер тізімін көрсетеді:

  • номофобия - телефонды жоғалтқанда не байланыс аясынан тыс болғанда орын алатын қорқыныш пен мазасызды.;
  • киберауру - жүрек айну мен бас айналу, тербелгендегідей бағытты ажырата алмай қалу;
  • ғаламторға тәуелділік - тәулік бойы әлеуметтік желілерде уақыт өткізуге тырысу;
  • қоңырау елесі синдромы - телефон қоңырауын естігендей болу;
  • Google әсері - дәстүрлі оқыту мен ақапартты жаттаудың пайдасыздығына сену;
  • Facebook-саруайымы - үнемі өз өміріңді өзгелердікімен салыстырып, өз болмысыңды мойндамай, басқа адам болып көрінуге тырысу.



 

ответил 02 Июнь, 16 от Руда