Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Мағжан Жұмабаевтың "Қойлыбайдың қобызы" поэмасының қысқаша мазмұнын айта аласыздар ма?

Талқылау
Пікір
Имахан
02 Маусым, 16

Мағжан Жұмабаевтыі "Қойлыбайдың қобызы" поэмасының қысқаша мазмұны

Найман ішінде Қойлыбай деген бақсы, қобызшы болған екен. Ол бала күнінен жындармен дос болған. Олардың ішіндегі ең сенімді жолдасы Қақаман атты жын еді.

Бір күні қалың найман жиылып ас береді. Екі жүз атты бәйгеге қосып, көпшілік Қойлыбайға бәйгеге қобызын қосуды айтады. Барақ батырдың өзі Қойлыбайдан сұраған соң, Қойлыбай бәйгеге қобызын қосады. Бәйге алдында балалардың ішіндегі ептісіне көзі түсіп, оған қобызын сексеуілге байлап кетуін тапсырады. Бәйге басталып, кіл жүйрік даланы дүбірлете шапқанда бала қобызды сексеуілге байлайды. Бәйге басталысымен-ақ Қойлыбайдың бойын күш кернеп, қолындағы қылышын қобыз етіп ойнап, күллі даланы күңірентіп, азынатады. Қызыл жел тұрып, дауылдан ештеңе көрінбей кетеді. Аузынан ақ көбік ағып, қалш-қалш еткен Қойлыбайдың сенгені Қақаман жын еді. Ол жолдасының сенімін ақтайды. Бір сәтте межеге жақындаған аттар қарасы көрінеді. Ішінде топ жарып Қойлыбайдың қобызы келеді. Қақаман жын қобызды сексеуілімен бірге жұлып алып, жүйріктердің алдын бермеген еді.

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар
1
Аида
1 жыл бұрын пайда болды

Алғашқы қазақ романы қандай?

1
Бейбіт
1 жыл бұрын пайда болды

Тайбурыл қай батырдың тұлпары?

1
Ұлпан
1 жыл бұрын пайда болды

"Абай жолы" романының авторы кім?

1
Арман
1 жыл бұрын пайда болды

Ыбырай Алтынсарин қай жылы дүниеге келді?

 

 

1
Наз
1 жыл бұрын пайда болды

"Әліпби", "Тіл құралы" еңбектерінің авторы