0 интересует 0 не интересует
спросил 02 Июнь, 16 от Дәурен в категории Білім, ҰБТ

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

ҰБТ-дан көп балл жинауды мақсат еткен жас түлек сабаққа тыңғылықты дайындалып, емтиханды жақсы тапсыруы тиіс. Емтиханның нәтижесі жақсы болса, Аллаға шүкір етіп, ал өтпей қалған жағдайда үмітсіздікке салынбауы керек. Қасиетті Құранда: «Сендердің ұнатпаған кейбір нәрселерің өздеріңе қайырлы болуы мүмкін. Сендердің кейбір ұнатқан нәрсе сендерге зиянды болуы мүмкін» деп біздің ҰБТ-дан өтпей қалуды ұнатпағанымызбен сол өтпей қалу біз үшін қайырлы болуы да мүмкін екенін айтады.

ҰБТ-да көп балл жинау үшін пара беру (ақша беру) – ауыр күнә. Имам Матуриди: «Олар өтірікке құлақ салушылар, харам табыс (пара) жеушілер» деп «сүхт» сөзінің пара алу екенін, ал пара алу харам табысқа жататынын айтса, Абдулла ибн Амр (р.ғ): «Алла елшісі (с.ғ.с) пара берушіні де, алушыны да лағынеттеді» деген, яғни ҰБТ-да көп балл жинау үшін пара беру айықпас күнәға бату деген сөз. Неге десеңіз, бұл дүниедегі мамандығыңызды пара беру арқылы адал жолмен емес, арам жолмен бастадыңыз. Ол – өмірлік қорегіңіз.

Сондықтан, ҰБТ сынағы екі дүние өмірінің шешуші сынағы емес, ол өмірдің жәй бір баспалдағы екенін естен шығармай, Алла тағаладан әрдайым екі дүниеде де қайырлы істі сұраған жөн.

                                                                      Абдусамад Оқан, PhD докторанты, исламтанушы 

ответил 02 Июнь, 16 от Жазира