Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Нарманбет Орманбетұлы деген кім?

Талқылау
Пікір
Мұрат
03 Маусым, 16

Нарманбет Орманбетұлы 1859 жылы Қарқаралы уезінің Балқаш болыстығының №3 ауылы Соған жерінде дүниеге келген. Оның әкесі ауқатты адам болған. Ауылға молда шақыртып, ұлы Нарманбет молдадан сауат ашқан. 1873 жылы Нарманбет Қарқаралыдағы орыс мектебіне оқуға барып, онда бір жыл білім алады. Мұнан кейін ол Қарқаралыда қалып, ақылы түрде орыс тілін үйренген. 

Нарманбет 14 жасынан өлең жаза бастайды. Лирикалық өлеңдер жазып қана қоймай, қазақ даласының тыныс-тіршілігін танытатын ааматтық тақырыптарда да қалам тербеп, “Қасірет деген бір тау бар”, “Балалық күй”, “Шал қайғысы” сынды өлеңдер жазған. Абаймен танысу ақынның азаматтық ұстанымына ықпал етіп, ол билікке деген көзқарасын білдіріп, жастардың білім алуында қамқор болып, болыстардың сайлауына қызығушылық танытады. 

Ақынның әкесі Орманбет Байжомартұлы Қарқаралы уезінің басқармасында маңызды қызметтер атқарған. Нарманбет отбасындағы дәстүрді жалғастырып, қоғамдық істерге белсене араласқан. Ол бірнеше рет комиссия, съезд мүшесі болған. Қарқаралы қаласында уездік сот қызметін атқарған. 

Нарманбет Орманбетұлы 1918 жылы дүниеден өткен.

Танымал тұлғалар категориясындағы басқа сұрақтар
1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Қазақстан туының авторы кім?

0
ая
5 жыл бұрын пайда болды

Абай қалай кайтыс болды?

1
Рауан
5 жыл бұрын пайда болды

Мырзағали Айтжановтың қазақ тілінде өмірбаяны бар ма?

Мырзағали Айтжановтың өмірбаяны
2
Темірлан
7 жыл бұрын пайда болды

Ермек Серкебаевтың өмірбаяны бар ма?