0 интересует 0 не интересует
спросил 03 Июнь, 16 от Назигүл в категории Жануарлар және өсімдіктер

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Қырыққабаттың пайдасы:

  • Қырыққабаттың ең үлкен пайдасы онда С дәруменінің мөлшері көптігінде. Оған қоса, қырыққабатта Е, В1, В2, В3, Р, РР, Н, каротин, D провитаминдері бар. 
  • Қырыққабаттың құрамында крахмал болмағандықтан және сахарозаның мөлшері аз болғандықтан, ол қант диабетімен ауыратын адамдар үшін пайдалы. 
  • Қырыққабаттың құрамында жасұнықтардың көптеп кездесуі себепті ол ішек қызмеін жақсартады. Сондықтан оны іш қату, геморрой кезінде пайдаланған тиімді. 
  • Құрамындағы жасұнықтар себепті қырыққабат атеросклероздың алдын алып, ағзадан шлактар мен холестеринді шығарады.
  • Қырыққабаттың құрамында U дәрумені бар. Бұл дәрумен асқазан-ішек жолдары жарасы, гастрит, ойық жаралы колитті емдеп, бауыр қызметін жақсартады.
  • Қырыққабаттың құрамында ағзадағы зат алмасуына міндетті түрде керек К дәруменінің көп мөлшері бар. Ол жаралардың тез жазылуына, қанның жылдам ұюына, сүйек пен тістердің дұрыс қалыптасуына, бауыр қызметіне көмектеседі.

ответил 03 Июнь, 16 от Айжан