Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қандай смартфон сатып алған дұрыс?

Сапасы да, қызметі мен қосымшалары да жақсы смартфон алайын дегенмін. Қандай смартфон жақсы?
Манат
Жауап қалдырылды: 15 Ақпан, 16

Lenovo S90. Артықшылықтары:

- анықтылығы 1280х720 болатын 5 дюймдік экран;

- 13 мп-ді фотокамера, 8 мп-ді фронтальді фотокамера;

- кіріктірілген жады 32 гб, оперативті жады 2 гб;

- Android 4.4 KitKat операциялық жүйесі;

- 2 sim-карта қолдану мүмкіндігі.

Sony Xperia Z3+ Dual. Артықшылықтары: 

- 20,7 мп-ді фотокамера, Xperia Z3+ Dual 5 мп-ді фронтальді фотокамера;

- 4К форматында видеоға түсіру мүмкіндігі;

- анықтылығы 1920х1080 болатын 5,2-дюймдік экран; 

- Android 5.0 Lollipop операциялық жүйесі;

- 32 гб тұрақты жады және 3 гб оперативті жады;

- 2 sim-карта қолдану мүмкіндігі;

Аталмыш смартфонды суға толығымен салып жіберуіңізге де, ағын судың астында жууыңызға да болады. Су оның жұмыс істеуіне еш кедергі келтіре алмайды.

Азамат
Жауап қалдырылды: 15 Ақпан, 16

Смартфон таңдағанда көмек болады деп, әр маркадағы смартфондардың ең үздіктерінің тізімін ұсынып отырмын.

Iphone 6s. Артықшылықтары:

- А8 64 биттік процессорының арқасында жылдам жұмыс істейді;

- жаңа Focus Pixels технологиясының арқасында смартфон фотокамерасының анықтылық деңгейі артқан;

- 1080 рxl мүмкіндігі бойынша кадр жиілігі секундына 60 кадр және баяулатылған видеоға түсіру режимінде секундына 240 кадр түсіруге мүмкіндігі артқан;

- LTE желіде жүктеу жылдамдығы  секундына 50 Мбит-қа, Wi-Fi бойынша жүктеу жылдамдығы секундына 433 Мбит-қа дейін артқан;

- iPhone 6 және iPhone 6 Plus QuickType, iCloud Drive, "Денсаулық", "Отбасына қолжетімділік" қосымшалары кіріктірілген  iOS 8 жүйесімен жабдықталған.

Highscreen ICE 2. Артықшылықтары:

-  Анықтылығы 1280x720 болатын 4,7 дюймдік экран;   

- 13 мп-ді фотокамера;  

- кіріктірме жады 16 гб және оперативті жады 2 гб; 

- Android 4.4 KitKat операциялық жүйесі;

- 2 sim-карта салу мүмкіндігі;

- уақыт, ауа-райын және тағы да басқа хабарламаларды көрсететін қосымша экран.

Nokia Lumia 830. Артықшылықтары:

10 мп-ді PureView фотокамера; 

Windows Phone 8.1 операциялық жүйесі;

- анықтылығы 1280x720 болатын 5 дюймдік экран 

- кіріктірліген жады 16 гб, оперативтік жады1 гб. 

Дамир
Жауап қалдырылды: 15 Ақпан, 16

Сапасы бойынша ең жақсы телефон - Iphone 5s. Немесе samsung A7 маркасын алсаң да болады.

Компьютер және интернет категориясындағы басқа сұрақтар