Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Әлем халықтары бір-бірімен қалай сәлемдеседі?

Талқылау
Пікір
Есімхан
13 Маусым, 16

​Әлем халықтарының амандасу ерекшеліктері:

  • Аустралиялық аборигендер бір-бірімен билеп амандасады.
  • Америкада қол алысу арқылы амандасады. Бірақ кейбір жастар арқасынан қағысып сәлемдеседі. 
  • Латын Америкасында адамдар бір-бірімен амандасу үшін құшақтасады екен. Ер адамдар құшақтасып тұрып бастарын бір-бірінің оң иығына қойысып, үш рет арқа қағысады. Мұнан соң бастарын сол иығына қойып, тағы да 3 рет арқа қағысады.
  • Францияда, тіпті, бір-бірімен оншалықты таныстығы жоқ адамдардың өзі амандасу барысында беттерінен сүйіседі.
  • Италиялықтар көріскенде "Қалай тұрсың?" деп хал сұрасады.
  • Немістер амандасқанда "Қалай жүріп жатыр?" дейді.
  • Жаңа Гвинеяда адамдар қастарын көтеру арқылы амандасады. Ал Еуропалықтар жақын достарымен, туыстарымен дәл осылай сәлемдеседі.
  • Кейбір Үндіс тайпаларының өкілдері бейтаныс адаммен амандасу үшін жүресінен отырады. Ол өз әрекетін бейтаныс адам байқағанша діл осылай отыруын жалғастырады. Мұндай амандасу үндіс тайпаларында бейбітсүйгіштіктің белгісі ретінде есептеледі. 
  • Полинезиялықтар амандасу барысында бір-бірінің арқасын сипап, иіскелесіп, мұрындарымен үйкелеседі.
  • Эскимостарда ер адамдар бір-бірінің басынан, арқасынан жаймен жұдырықтап ұру арқылы амандасады.
  • Тибеттіктер оң қолымен қалпағын шешіп, сол қолымен құлағын ұстап, тілін шығарады. Бұл олардың ниеті түзу екенін білдіреді.
  • Орта Азияда адамдар қолдарын кеудесіне қойып, бас иіп амандасады.
  • Жапониялықтар иіліп сәлемдеседі. Кездескен адамның лауазымына, маңыздылығына қарай төмен әрі баяу иіледі.

Қазақстанның көрнекі жерлері категориясындағы басқа сұрақтар
1
Айымжан
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі мұздық қалай аталады?

1
Айнаш
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстанның ең алғашқы астанасы

1
Айнұр
1 жыл бұрын пайда болды

Астана қай өзеннің бойында орналасқан?

1
Айсұлтан
1 жыл бұрын пайда болды

Бәйтеректің биіктігі қанша?