Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Махаббат туралы қандай өлеңдер білесіздер?

Әмина
Жауап қалдырылды: 14 Маусым, 16

«Қызыл орамалды шынарым...»

Бағышталды бүгін міне бір әнім,
Жақсы жанға әрине.
Өз-өзіме бітпеген соң сұрағым
Сыймай кеттім тар үйге.
Алматының көшесімен күн ұзақ,
Келе жатып бір жағдайға жолықтым.
Сұрасаңыз баяндап та берейін 
Келіп отыр себебі оны шерткім.
Ол жағдайым бір сұлудың сыры еді,
Театрдан қайтқан жалғыз жападан,
Жаймашуақ күлген көктем күні еді,
Уақыт болса сол ақшамға тақаған.
Жол үстінде келе жатып бір сәкі,
Бос тұрған соң соған барып жайғастым.
Отыр едім, үндеместен аяңдап 
Жаныма кеп әлгі қызда жайғасты.
Қайғы басқан қабақтарын дер едім,
Қүліп тұр-ау қуаныштан көздері
...сыр айтқысы келгенінде білемін
Міне, өзі де бастап кетті сөздерін.
«Театрды сүйесіз бе?» деді ол
Үн қаттыда баяу ғана кенеттен.
Ұнады да әлгі арудың сөзі бұл 
Мен де кеттім жауап беріп дедектеп.
Айтып жаттық ұзақ-ұзақ әңгіме, 
Талай сырдың түйіні де шешілді.
Дос іспеттес айрылмас мәңгіге
Әңгімеміз одан ары көсілді.
Айтқан кезде көптен бергі сырын қыз,
Шыны керек ет бауырым езілді.
Менің-дағы тас жүрегім тынымсыз
Алғаш рет махаббатты сезінді.
Сөйтсем әлгі қыздың жанын еліткен,
Театрдың жас актеры екен де 
Қыз айтады: «сәл қиналсам неліктен
Театрға қалам ылғи кетемде?!»
Дәл осылай қыздың жайы бұрымды,
Қыл нәзіктік қылығынан байқалған.
Бола білген ол аруға жұғымды
Мен актердың жайындағы айта алам.
Актер жайы:
Ол халықтың болған ылғи серкесі,
Орда бұзар отыздарға кеп қалған
Өзінің бар бала-шаға еркесі 
Әйелінде әлдеқашан ап қойған.

Айтып жатты әңгімесін тосылмай, 
Актерды алғаш қойылымда көргенін
Сырларымыз жалғасты да осылай 
Іштей менде бұл қыз үшін терледім.
Тек уақытша сезімдерге алданып ,
Көрдім қыздың соқыр болып жүргенін
Айтшы дедім: «осыныңнан барма үміт,
Сезбей ме әлде жамандықты жүрегін?! 
Дұрыс білем театрға барғанын 
Көргеніңде қойылымды жаныңмен 
Алайда сен өз-өзіңді алдадың,
Шектелмедің бойыңдағы барыңмен.
Ғашықпын деп қолың жетпес жұлдызға,
Санаңды да сол сезімге сендірдің.
Актер үшін құрбан болу бір қызға,
Жараспайды осыны да сен білгін!»
Дедім дағы орынымнан тұрдым да,
Кете бардым бұрылмастан артыма...

...Уақыт өтті,
Көктем шығып, жаз келді.
Тағы да мен жалғыздықтан жалықтым.
Ішімдегі кімге айтамын назды енді
дегенімде тағы да,
әлгі қызға сол бұрынғы жолықтым.
Қыздың өзі бұрынғыдан өзгерген,
Тым көңілді көрінді де бітімі.
Мен бұрында айтып кеткен сөздерден 
Шығарыпты ол да өзінің үкімін.
Үкімі оның:
Театрға бұдан былай барғанда, 
Көз салмайды актерларға жүрекпен
Қолтаңбасын көптен күткен алғанда
Жаздырады «бақыт» сөзін тілекке!
«Бақыт» сөзі жолдамасы өмірдің,
Сыйлаған соң сүйікті оны актеры,
Сәл-сәл ғана жабырқатып көңілін
Кетеді екен одан әрі бақ теріп.

Ол қыз бүгін досым менің ең жақын,
Адам айтса шынында да сенгісіз.
Болды міне жыр жазатын мен де ақын
Ал ол қыздың кім болары белгісіз.

Автор: Мәді Балсан Айыфқызы

Индира
Жауап қалдырылды: 14 Маусым, 16

Сан жұлдызды жарқыратып төсінде, 
Аспан жатыр мүлгуге жоқ мұршасы. 
Адамзатты сүйе білмек үшін де,
Керек екен батылдықтың паршасы.


Ілік күйге еті сіңген өмірдің, 
Жасы іркіліп кірпігінен тамшылар. 
Кеудедегі жұдырық ет төрінің, 
Бəзбіреуге байлануы заң шығар. 


Көлеңкелеп өжеттікпен өрлікті,
Өксімесі үшін жүрек күні ертең.
Қоя салып қым-қуыттау тірлікті,
Сен де бірді "бірегей" деп біл, еркем! 


Сағына біл, сезіне біл сүюді,
Сүю үшін қажет емес атақ, ат. 
Араздық пен күндестіктен түйіні: 
Құтқарады бұл əлемді МАХАББАТ!

Автор: Мəді Балсан Айыфқызы

Қазақ әдебиеті категориясындағы басқа сұрақтар