Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ғұсыл деген не?

Талқылау
Пікір
Admin
11 Маусым, 21

Ғұсыл - араб тілінде дененің толық дәретін алуды, яғни шомылуды ғұсыл деп айтады. Яғни, ғұсыл алуға ниеттенген адам шомылған кезде денесінде иненің ұшындай да құрғақ жер қалмауы керек, бардық жеріне су тиіп, толықтай шомылу парыз болып саналады.

Мұсылман адамдарға мынандай жағдайларда ғұсыл парыз болады: 

  1. Ұйқыдан тұрғанда шәһуәт кеткені білінсе; 
  2. Шәһуәт нәпсінің қозуымен күштеп атылып шықса; 
  3. Жыныстық қатынастан соң; 
  4. Хайыз әйелдердің етеккірі келген жағдайда; 
  5. Нифас бала тапқаннан кейінгі жағдайда; 
  6. Кәпір Ислам дінін қабылдаса; 
  7. Мұсылман дүниеден озғанда.

Осы жағдайларда бой дәрет парыз деп есептеледі. Онсыз намаз оқу, тіләуат сәждесін орындау, тіпті Қасиетті Құран Кәрим аяттарын оқудың өзі харам болып есептеледі.
 

Дін категориясындағы басқа сұрақтар
1
Admin
2 апта бұрын пайда болды

Сүннет дегеніміз не?

1
Admin
1 ай бұрын пайда болды

Конфессия дегеніміз не?

0
Makelesbaev
7 ай бұрын пайда болды

Үнді дінінің қызық қырлары

Үнді  дінінің қызық  қырлары

1
3 жылы бұрын пайда болды

Мансур есімінің мағынасы