Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Айтыс қазіргі заманда қалай өткізіледі?

Талқылау
Пікір
Гаухар
01 Наурыз, 16

Айтыс бүгінгі күн де өз жалғасын тауып келе жатқанымен, заманауи жастар арасында кең тарап, сүйікті өнер түріне айнала алмады. Оның себебі де жоқ емес. Қазіргі уақытта бос уақытыңды өткізуге арналған видеоойындардан бастап, велосипедпен серуендеуге жалғасатын түрлі ойын-сауық түрлері бар. 

Десе де біраз уақыттан бері "Домбыра-пати" сынды іс-шара ұйымдастырылып келеді. Ол дәл бұрынғы айтыс сипатында болмаса да, қазіргі заманауи қазақ жастарының талабына сай. "Домбыра-пати" көбіне шет елдерде өткізіледі. Шет елде тұрып жатқан не білім алып жүрген қазақ жастарының бойындағы ұлттық мәдениет пен ұлттық сананасын оятып, оларды сақтап қалу үшін "Домбыра-патидің" әжептеуір үлесі де бар. 

Айтыс тек қана ойын-сауық емес. Ол, бір жағынан, өзге ұлт өкілдеріне қазақ мәдениетін таныстыру. Одан қалса, айтыс феномені - тек қазақтың туындысы, заманауи тілмен айтқанда, қазақы бренд.

Жақын уақыттарда "Домбыра-пати" өз жалғасын шағын айтыс ретінде тауып, қазақ жастары  көңіл көтеріп, рухани ләззат алу үшін ұлттық мәдениетімізге жүгінетініне сенімдімін.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Алина
3 айы бұрын пайда болды

Мен бойжеткенмін. Көшеде келе жатқанымда жігіттер маған көп қарайды.

Артымнан ысқырып, таңдай қағып, танысқылары келетінін көрсетеді. Бірақ шын мәнінде бұл маған ерсі көрінеді. Менің не істеуім қажет?

1
Абай
4 айы бұрын пайда болды

Роботтардың адамзатқа қандай пайдасы бар?

0
1
Adelya
5 ай бұрын пайда болды

Аделя деген аттың мағынасы қандай?