Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Күйзеліс кезінде қандай жаттығулар көмектеседі?

Талқылау
Пікір
Мансұр
07 Қараша, 16

Күйзелістен арылуға арналған жаттығулар

1. Иықты керу. Тік тұрып, қолыңызды иығыңызға қойыңыз. Тыныс алған кезде шынтағыңызды барынша биік көтеріп, басыңызды артқа шалқайтыңыз. Деміңізді шығарғанда бастапқы қалыпқа келіңіз. Жаттығуды бірнеше рет қайталаңыз. 

2. Жұлдызға қол созу. Тік тұрып, аяғыңызды иіқ деңгейінде қойыңыз. Тыныс алған кезде қолыңызды жоғарыға қарай көтеріп, аспандағы жұлдызға қол созғандай созылыңыз. Дем шығарғанда қолыңызды жіберіп, сілкіңіз. Жаттығуды 5 рет қайталаңыз. 

3. Баяу тыныс. Алдымен баяу тыныс алыңыз да, 4-ке дейін санаңыз. 4 санына жеткенде, 5-6 секунд деміңізді тоқтатып, артынша ақырын деміңізді шығарыңыз. Жаттығуды 5-6 рет қайталаңыз. 

4. Бала қалпы. Табаныңызға отырып, тізеңізді аздап екі жаққа жіберіңіз. Терең тыныс алған кезде қолңызды жоғары көтеріп, біраз созылыңыз. Мұнан соң деміңізді шығарғанда қолыңызды тізеңізге қойып, артынша өзіңізден барынша алысқа еденге қойыңыз. Осы қалыпта 30 секунд отырыңыз. Мұндай қалыпта терең демалуға тырысыңыз. Бастапқы қалпыңыза келіп, жаттығуды 5 рет қайталаңыз. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
Бисенгалиева Алтынай Амантаевна
6 ай бұрын пайда болды

Жатқанда көкірек тұс неге тұншыққандай ауырады

Жатқанда көкірек тұс тұншыққандай неге ауысады? 

 

2
Жақсылық
2 жылы бұрын пайда болды

Шораяқты (артроз) қалай емдеуге болады?

Артрозды қалай емдеуге болады?
1
Маржан
2 жылы бұрын пайда болды

Мандариннің пайдасы қандай?

4
нурик
3 жылы бұрын пайда болды

Сваркіден ауырған көзге қандай ем қолдаса болады?