Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жер мен астероид қақтығысса не болады?

Талқылау үшін сайтқа кіріңіз
Ақан
Жауап қалдырылды: 17 Қараша, 16

Ғаламшараралық кеңістікті бос деуге келмейді. Күн төңірегінде айналған Жер ғаламшары микроскоппен көруге болатындай тозаңнан бастап үлкен көлемді астероид, құйрықты жұлдыз сынды көптеген нысандар мен бөлшектерді ұшырастырады. Астероид, құйрықты жұлдыз тәрізді аспан денелері сирек кездесетін құбылыс болып табылатындықтан, олардың Жермен соқтығысу мүмкіндігі өте төмен. Десе де олардың алпауыт көлемін есепке алсақ, мұндай денелермен соқтығысу ғаламшарымыздағы көптеген тірі жандардың өліміне алып келеді. 

Жердің диаметрі 1-3 км астероидпен не құйрықты жұлдызбен қақтығысуы ғаламшардағы тірі жанның бәрінің көзін жоюы мүмкін. Дегенмен олардың көлемі үлкен болғандықтан кәдімгі телескоп арқылы бақылауға болады. Орбитасы Жермен сәйкес келетін көптеген астероидтар ашылған. Олардың ешбірі бүгінгі ғасырда ғаламшарымызбен соқтығыспайды. Ал әлі де белгісіздерінің көбі алдағы 10 жыл ішінде зерттелмек. 

Қақтығысудың ең қауіпті деген салдары цунами болмақ. Ол әрекеттесудің әсерінен бөлінетін қуаттың 20%-ын алыс жағалауларға жібере алады. 

Ғылым және техника категориясындағы басқа сұрақтар