Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Белдемшенің қандай түрлері болады?

Талқылау үшін сайтқа кіріңіз
Ақсана
Жауап қалдырылды: 22 Қараша, 16

5. Дене сымбаты: "төртбұрыш"

Мұндай дене сымбатына ие әйелдерге сымбатын тартымды ету үшін киімнің көмегімен белін айқындап, бөксесін үлкен көрсетуге тырысқан жөн. Ол үшін қызғалдақ пішінді белдемше, түзу, қарындаш-белдемше, А-силуэт, бүрмелі белдемшелер кигеніңіз дұрыс. 

Ақсана
Жауап қалдырылды: 22 Қараша, 16

4. Дене сымбаты: "алма" немесе "дөңгелек"

Мұндай дене сымбатын әдемі көрсету үшін белі жоғары белдемшелерді таңдағаныңыз ләзім. Олар ішіңізді жасырып, сымбатыңызды нәзігірек етеді. Трапеция тәрізді, саронг сынды, етегі кең белдемшелер сымбатыңызға сай келеді. Аздап тырысып тұратын жейдемен үйлестіріп күн тәрізді белдемше киюіңізге болады. 

Ал қарындаш-белдемше, қысқа белдемшелерден бас тартқаныңыз абзал. Олар сымабытыңыздың кемшіл тұстарын көрсетіп тұрады. 

Ақсана
Жауап қалдырылды: 22 Қараша, 16

3. Дене сымбаты: "құмсағат"

Ең әдемі, тартымды дене сымбатының бірі. Белі жоғары, қарындаш-белдемше, трапеция пішінді белдемшелер тамаша жарасады. Сонымен қатар жеңіл бүрмелер бар белдемшелерді таңдай аласыз. Қыпша беліңізді тартымды ете түсу үшін үлкен белбеулер тағуыңызға болады. 

Беліңіздің әдемілігін айқындауға тырысыңыз. Оған қоса кең киімдерді кимегеніңіз жөн. Олар толық етіп көрсетеді. 

Ақсана
Жауап қалдырылды: 22 Қараша, 16

2. Дене сымбаты: "төңкерілген үшбұрыш"

Дене сымбатының мұндай түрі үшін түзу, бүрмелі, трапеция пішінді, жартылай күн пішінді, саронг, белдемше-шалбар сынды белдемше түрлері жарасымды. Ою-өрнек, суреті бар мата түрлерінен тігілген белдемшелерді таңдауға болады.

Ақсана
Жауап қалдырылды: 22 Қараша, 16

Белдемшені дұрыс таңдау үшін дене сымбатына байланысты мына қарапайым 5 қағиданы есте ұстаңыз. 

1. Дене сымбаты: "үшбұрыш" немесе "алмұрт"

Дене сымбаты мұндай әйелдерге күн тәрізді белдемше, А-силуэт жарасымды. Олардың бөксе тұсы кең тұрады. Сондықтан кем-кетіктеріңізді байқатпайды. Үстіңгі бөлігі де кеідеу болғаны жөн. Ол сымбатыңызды әдемі көрсетеді.

Қарапайым белдемшелерді таңдағаныңыз абзал. Сонымен қатар сізге тік, қарындаш-белдемше, ұзын әрі кең белдемшелер жарасады. 

Сән және сұлулық категориясындағы басқа сұрақтар