Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Қуат Хамитов бірінші раундта ресейлікті нокаутқа жіберді
Жандос Бүркітбаев денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі ядролық қаруға қатысты мәлімдеме жасады
"Тіл үйренгенің үшін айына 300 мың теңге төлейді": Канадаға отбасымен көшкен қазақ қызы елдің мәдениеті, шетелдегі қазақтар жайлы
Шығыс Қазақстан облысында карантин ұзартылды
Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцинацияның үш кезеңі қалай өтетіні белгілі болды
Алматы облысында республикалық маңызы бар жол жабылды
Басынан жарақат алған баланы көшеде тастап кеткен: Полицейлер Алматыдағы фельдшердің әрекетінен қылмыс құрамын таппады
Алматыда жылумен қамту тарифі төмендетілді
Алексей Цой ДДСҰ -ның Қазақстандағы коронавирус бойынша деректерін жариялады
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Отбасы, балалар категориясындағы басқа сұрақтар
Балаларға арналған қазақша қандай тақпақтар бар?
0
Aisulu
4 айы бұрын пайда болды
Кішкентай қыздарға арналған қазақи нақыштағы бұйымдар жасап бастағалы отырмын. Инстаграм желісінде парақшамды қалай атасам екен?
Латынша жазғанда әдемі көрінетін сөз болса. Өзім "Saulem-ay" деп ойлап жүрмін. Сіздер өз ойларыңызды қоссаңыз. Рахмет.
3
0
1
3
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
22
Қазақтың салт-дәстүрлері
5
Эссе мен шығармалар жиынтығы
21
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
1
Білім, ҰБТ
197
Денсаулық
168
Махаббат
19
Мерекелер
21
Тарих
45
Құттықтау тілектер
43
Сценарий
7
Үйлену тойы
14
Дін
121
Кино мен ТВ
8
Ұстаздарға
16
Танымал тұлғалар
95
Қазақ әдебиеті
120
Компьютер және интернет
11
Қазақстанның көрнекі жерлері
9
Әлем бойынша
27
Қоғам және саясат
22
Жануарлар және өсімдіктер
48
Жұлдызнама және жорамал
17
Тағам рецептері
52
Түс жору
12
Ғылым және техника
21
Сән және сұлулық
57
Заңгерлік кеңес
15
Әртүрлі
109
Қаржы кеңесшісі
12
Ойындар
8
Балаларға арналған тапақтарды тізбектемес бұрын, балалар әдебиетінің өкілдеріне бір шолу жасап алғанымыз дұрыс болар. Қазақ әдебиетіндегі балалар әдебиетінің өкілдері: Ахмет Байтұрсынұлы, Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырза Әлі, одан берідегі Ескен Елубаев, Өтепберген Ақыпбеков, Сұлтан Қалиұлы, Нұрхан Жанаев, Өтебай Нұрманжанов, Әдібай Табылдиев, Нұрсұлтан Әлімқұлов, Әнуарбек Дүйсенбиев, Қастек Баянбай, Жақан Смақов, Жәнібек Кәрбозин, Нұрхан Жанаев, Есентай Ербөпин, Жеңіс Қашқынов, т.б. Бүлдіршіндерімізге арналған тақпақтар іздеу барысында ең алдымен жоғарыда аты аталған қаламгерлеріміздің шығармашылығына назар салсаңыз, құнды да мәнді туындылармен таныс болып, балаңызға тақпақ жаттатып қана қоймай, сана-сезім, ой өрісінің кеңеюіне ықпал етесіз.
Бес саусақ
Бас бармағым - атам, үйдің данасы.
Балаң үйрек - әжем, ошақ анасы.
Ортан терек - әкем, отау панасы.
Шылдыр шүмек - шешем, шаңырақ ажары.
Титтей - бөбек - мен, бәрінің базары.
***
Апта
Жеті күнім- бір Апта:
Жету үшін мұратқа,
Апта бойы құр жатпай,
Алға қарай бір атта!
***
Санамақ
Бір-дегенім, білеу.
Екі - дегенім, егеу.
Үш - дегенім, үскіл.
Төрт - дегенім төсек.
Бес - дегенім бесік.
Алты - дегенім, асық.
Жеті - дегенім, желке.
Сегіз - дегенім серке.
Тоғыз - дегенім торқа.
Он дегенім - оймақ.
Он бір- қара жұмбақ.
***
Ата, зейiн салдың ба?
Бар әрiптiң алдында
Нелiктен «А» тұрады?–
Деп бiр күнi сұрадым.
Атам менiң сауатты
Былай бердi жауапты:
– Ата,
Ана,
Ақыл,
Ар,
Адам…
«А»-дан басталар.
Содан шығар, Құрбаным,
«А»-ның алда тұрғаны!..
***
Шын досың мың қылықты
Көңілді толтырады.
Сен жасап бір былықты,
Бұрышқа ол тұрады.
Өзгені шошындырған
Айыпты теңдеп алып,
Бұрышқа досың тұрған
Тұрасың сен де барып.
***
Кімнің болсын таласы,
Кім жасырар сезімді?
Досыңның да анасы
«Балам» дейді өзіңді.
Түсінбейді оны кім,
Білер, болса санасы.
Сенің анаң – оныкі,
Сенікі – оның анасы.
***
КӨБЕЛЕК
Бейне жеңіл ебелек,
Ұшып-қонып не керек.
Отырған жөн сабақта
Тастағандай шегелеп.
Жеңілтектер сыныпта
Атанады «көбелек».
***
ЖИРАФ
«Жираф» дейміз Есетті,
Дұрыс қойдық атты оған.
Мойнын созып есепті
Көшіреді басқадан.
Аң мен құсқа әңгүдік
Әдетіңмен болма тең.
Өз атыңды мәңгілік
Ұмытасың онда сен.
***
МЫСЫҚ
Жүргендей-ақ қалжырап,
Отырғаны маужырап.
Ұқсас осы мысыққа
Балалар да бар бірақ,
Маужырайтын партада,
Кекіл шашы жалбырап.
***
ҚЫРАУ
Әйнекке ою салады,
Көргендер таң қалады.
Суретшілік өнерге
Үйретеді ол баланы.