Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қар жеуге бола ма?

Талқылау үшін сайтқа кіріңіз
Гүлсара
Жауап қалдырылды: 20 Қаңтар, 17

Баланы бұл әдеттен қалай тыю керек?

Балалар қар жегенді жақсы көреді. Бірақ бұл әдеттен тыюыңыз керек. Олардың қар жеуінің негізгі себебі - шөлдеу. Сондықтан серуенге шығар алдында міндетті түрде су ішкізіп, өзіңізбен бірге су ала жүргеніңіз абзал. Сонымен қатар баланы өте қалың киіндірудің қажеті жоқ. 

Мұндай зиянды әдеттен тыю үшін қарды еріту арқылы тәжірибе жасатыңыз. Егер бала аппақ қардың ерігенде неге айналатынын көрсе, келесі жолы бұл әдетті қайталамасы анық.

Гүлсара
Жауап қалдырылды: 20 Қаңтар, 17

Қалалық ортада қар жеу қауіпсіз емес. Себебі қарға құрамында майлар, гудрон және кадмий, қорғасын, сынап, стронций сынды улы металдар бар шаң-тозаң сіңіп қалады. Сондықтан қар аппақ, таза көрінсе де, қауіптілігін білгейсіз. Құрамында қауіпті заттардан бөлек, құм қиыршығы мен реагенттер бар. 

Тек қауіпті заттар себепті емес, суықтығы үшін де қарды жеуге болмайды. Қар жеудің салдарынан ағзаңыз тоңып, иммунитет төмендейді. Сол себепті қар жеу - денсаулығыңыз үшін қауіпсіз емес. 

Қардың таза еместігін қалай тексеруге болады?

Қардың кірлігін бірнеше көрсеткіш арқылы тексеруге болады. Зертханада оның құрамындағы темір, марганец, мыс, мырыш, кадмий, қорғасын және хром тәрізді металдар мен метан, түрлі спирттер сынды түрлі органикалық қосылыстарды анықтауға болады. 

Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар