Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жұмыс үстелінің алдында қалай дұрыс отыру керек?

Талқылау
Пікір
Аңсаған
17 Наурыз, 16

Жұмыс үстелінің алдында дұрыс отыру ережелері:

  1. Отырған кезімізде арқаны тік ұстауымыз ең қарапайым қағида болғанымен де, біздің тарапымыздан жиі орындала бермейді. Егер арқаңыз S әрпі сияқты қалыпта болса немесе үстелге ішіңізбен жабысып отырсаңыз, құрсақ қуысыңызға салмақ түсетінін есіңізден шығармаңыз.
  2. Оң қолыңыздың білегі компьютер тінтуірімен бір деңгейде болуы керек. Қолыңыздың қалыбын тінтуірмен бір деңгейде ұстап тұратын кілемше сатып алуға тырысыңыз. Егер білек тұсындағы білезік жиі бүгіліп тұратын болса, орталық жүйке жаншылады. Нәтижесінде, саусақтарыңызда жеңіл шаншулар болып, білегіңіз ұйып, ауырсынады.
  3. Аяғыңыз орындықтың сүйір бұрышына қарай орналасуы керек. Ол үшін орындықтың биіктігінің дұрыс болуы жеткілікті. Аяғыңызға тіреу ретінде аяғыңыздың астына аяқкиім қорабы сынды қатты әрі биік емес затты қойып қоюыңызға болады.
Мейіржан
17 Наурыз, 16

Компьютермен жұмыс істеу уақытында мойын мен арқаны тік ұстап, бүгілген аяқ еденге тиіп, шынтық та 90 градусқа бүгіліп тұратын дене қалпы ең дұрыс қалып болып табылады.

Ол үшін мына кеңестерге құлақ асыңыз:

  1. Мониторды тура алдыңызға қойыңыз. Ол үстелде жоғарғы нүктесі көзіңіздің тура алдында немесе сәл жоғары тұратындай орналасуы керек.
  2. Отырған орындығыңыздың арқасы және шынтақ қоятын бөлігі болуы қажет. Сонымен қатар, оның биіктігі отырғанда аяғыңыз еденге тура тиіп тұратындай болғаны дұрыс.
  3.  Жиі қолданылатын заттардың орналасуы сіздің ұзақ уақыт қисайып  не басқа да ыңғайсыз қалыпта отыруыңызға сеп болмауы тиіс. Қандай да затты болмасын, өзіңізге еш кедергі жасамайтындай етіп қойғаныңыз жөн.
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
0
Бисенгалиева Алтынай Амантаевна
6 ай бұрын пайда болды

Жатқанда көкірек тұс неге тұншыққандай ауырады

Жатқанда көкірек тұс тұншыққандай неге ауысады? 

 

2
Жақсылық
2 жылы бұрын пайда болды

Шораяқты (артроз) қалай емдеуге болады?

Артрозды қалай емдеуге болады?
1
Маржан
2 жылы бұрын пайда болды

Мандариннің пайдасы қандай?

4
нурик
3 жылы бұрын пайда болды

Сваркіден ауырған көзге қандай ем қолдаса болады?