Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Өмірбаянды қалай жазу керек?

Талқылау үшін сайтқа кіріңіз
Сая
Жауап қалдырылды: 11 Сәуір, 16

Автобиографияда көрсетілуі тиіс мәліметтер:

  • Толық аты-жөніңіз; туылған жылыңыз;туған жеріңіз. Мысалы, Нұрғалиев Мақсат Қуанышұлы. Туған жылы: 12 ақпан 1991 жыл: Туған жері: Алматы қаласы.
  • Ата-анаңыз жайлы мәлімет. Мысалы, ғалымдар отбасында дүниеге келген.
  • Білім. Бұл бөлімде мектептегі біліміңізден бастап барлық оқыған оқу орындарыңызды көрсетуіңіз тиіс.
  • Еңбек қызметі. Бұл бөлімде барлық еңбек еткен орныңызды, атқарған қызметіңізді, жұмыстан кетудің себебін де көрсетуіңіз тиіс.
Мағжан
Жауап қалдырылды: 11 Сәуір, 16

Автобиография жазудың негізгі ережелері:

  • Автобиография өте көлемді болмауы шарт. Қысқа да нұсқа жазуға тырысыңыз. Өзіңіз жайлы берген мәліметтің 1-2 бет көлемінен аспағаны дұрыс. 
  • Жазбаңызда қате жібермеңіз. Автобиография ресми стильде жазылуы тиіс. 
  • Өмірбаяныңызда көрсетілген мәліметтер жүйелі болғаны ләзім. Оқиғалар болған уақытына қарай хронологиялық тәртіпте жазылып, бірізділікке бағынуы керек. Яғни, мектеп бітірген уақытыңызды көрсеткеннен кейін, бірден еңбек қызметіне көшудің қажеті жоқ. 
  • Автобиографияда жазылған мәліметтің барлығы шындыққа сәйкес болуы қажет. Қате немесе жалған ақпарат бере отырып, қалаған жұмысыңыздан ғана емес, абырой-беделіңізден де айырылуыңыз мүмкін.
Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар