Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

ҰБТ-да жоғары балл жинау үшін ақша беруге бола ма?

Талқылау
Пікір
Жазира
02 Маусым, 16

ҰБТ-дан көп балл жинауды мақсат еткен жас түлек сабаққа тыңғылықты дайындалып, емтиханды жақсы тапсыруы тиіс. Емтиханның нәтижесі жақсы болса, Аллаға шүкір етіп, ал өтпей қалған жағдайда үмітсіздікке салынбауы керек. Қасиетті Құранда: «Сендердің ұнатпаған кейбір нәрселерің өздеріңе қайырлы болуы мүмкін. Сендердің кейбір ұнатқан нәрсе сендерге зиянды болуы мүмкін» деп біздің ҰБТ-дан өтпей қалуды ұнатпағанымызбен сол өтпей қалу біз үшін қайырлы болуы да мүмкін екенін айтады.

ҰБТ-да көп балл жинау үшін пара беру (ақша беру) – ауыр күнә. Имам Матуриди: «Олар өтірікке құлақ салушылар, харам табыс (пара) жеушілер» деп «сүхт» сөзінің пара алу екенін, ал пара алу харам табысқа жататынын айтса, Абдулла ибн Амр (р.ғ): «Алла елшісі (с.ғ.с) пара берушіні де, алушыны да лағынеттеді» деген, яғни ҰБТ-да көп балл жинау үшін пара беру айықпас күнәға бату деген сөз. Неге десеңіз, бұл дүниедегі мамандығыңызды пара беру арқылы адал жолмен емес, арам жолмен бастадыңыз. Ол – өмірлік қорегіңіз.

Сондықтан, ҰБТ сынағы екі дүние өмірінің шешуші сынағы емес, ол өмірдің жәй бір баспалдағы екенін естен шығармай, Алла тағаладан әрдайым екі дүниеде де қайырлы істі сұраған жөн.

                                                                      Абдусамад Оқан, PhD докторанты, исламтанушы 

Білім, ҰБТ категориясындағы басқа сұрақтар
0
Жаннұр
1 апта бұрын пайда болды

Ежелгі балық аулау шаруашылығы

?Өтініш тезірек!

0
Аяаулым
1 жыл бұрын пайда болды

Эстетика дегеніміз не

2
Нурсултан
2 жылы бұрын пайда болды

Химия пәнінен есептердің шығарылу жолдары керек?

1) Мына тотығу-тотықсыздану реакциясына коэфициенттер қойып теңестіріп, жалпы коэфициенттер санын есептеңіз : KMnO4 + H2SO4 + Na2SO3 --> K2SO4 + Na2SO4 + H2O

2) 22%-ті 150г құмырсқа қышқылдарын бейтараптауға жұмсалған нартрий гидрооксидінің массасын есептеңіз

3) 16г темір (III) оксидінің толық тотықсыздандыру үшін қажет сутегінің мөлшерін есептеңіз

4) 13г пропанмен қосу реакциясына түсетін бромның массасы қандай ?

5) Зат құрамында 80% көмітегі бар, ал сутегі бойынша салыстырмалы тығыздығы 15-ке тең. Көмірсутектің малекулалық формуласын анықтаңыз.

6) Тізбекті орындау үшін мүмкін болатын реакция теңдеуін құрастырыңыз : K --> KOH --> KHCO3 --> KCl --> KNO3 --> KNO2 

7) 3m(куб) этилен (қ.ж) шығымы 70% болса, алынатын этанолдың массасын есептеңіз.

8) Мына тотығу-тотықсыздану реакциясына коэфициенттер қойып теңестіріп, жалпы коэфициенттер санын есептеңіз : K2 Cr2 O2 + KJ + H2 SO4  --> Cr2 (SO4)3 + J3 + K2 SO4 + H2 O

9) Сынап (II) нитратының ерітіндісін электролиздеу теңдеуіндегі барлық коэфициенттер қосындысын есептеңіз .

1
2 жылы бұрын пайда болды

Медиана дегеніміз не?

1
Арман
2 жылы бұрын пайда болды

Бес құндылық дегеніміз не?