Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

"Сырға салу" деген қандай дәстүр?

Талқылау
Пікір
Нұрым
02 Шілде, 16

Сырға тағар (Бата аяқ немесе баталасу)

Сырға тағар кей аумақтарда "Бата аяқ" немесе "Баталасу" деп аталады. Ол - қазақ халқында құдаласудың аяққы кезеңі, алда болар үйлену тойы жайлы құдалардың қорытынды келісімі. Күйеу жігіттің әкесі болашақ құдасына барып, тойдың болар уақытын, қалың мал мөлшерін, кәде-жораны белгілеп келеді. Батаның екі түрі болған ("Сырға тағар", "Баталасу") - кесімді бата, кесімсіз бата. Кесімді батада тойдың уақыты, шығын көлемі, мал саны нақты белгіленеді. Ал кесімсіз батада тойдың болар уақыты ғана белгіленіп, шығын көлемі мен мал саны жағдайларға байланысты кейінге қалдырылады.

Қазақтың салт-дәстүрлері категориясындағы басқа сұрақтар
0
Salima
2 апта бұрын пайда болды

Ерсіз іс әрекетімен есте қалған қонағыңыз бар ма?

«Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» - деп жар салған қонағым

Ифтарға дастархан жайып қонақ күткен едік. Ораза ұстағандарды тамақтандырып, құран оқып, сауап жинау басты ниетіміз еді. Дастарханның дәл ортасында шелпек-бауырсақтарымыз тұрған. Ақырындап қонақтарымыз келе бастады, дастархан басына жайғастырып жатқанда келгендердің бірі қатты дауыспен «Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» деп айқайсалды. «Қазақтың дәстүрі ғой» деп тақырыпты ауыстырайын деп едік, әлгі адам ашуын баса алмай одан әрі жалғастыра кетті.  Қонақтардың түрлісі болады екен, отырыстың күл талқаны шықты. Неге солай?

1
Нұрберген
1 жыл бұрын пайда болды

Бір топ түйені не деп айтады?

2
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Беташар деген не? Бұл қандай дәстүр?

2
1
Admin
2 жылы бұрын пайда болды

Айтыс дегеніміз не?