Сұрақтар мен жауаптар - Айтқым келетін проблема бар

0
Salima
1 ай бұрын пайда болды

Ерсіз іс әрекетімен есте қалған қонағыңыз бар ма?

«Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» - деп жар салған қонағым

Ифтарға дастархан жайып қонақ күткен едік. Ораза ұстағандарды тамақтандырып, құран оқып, сауап жинау басты ниетіміз еді. Дастарханның дәл ортасында шелпек-бауырсақтарымыз тұрған. Ақырындап қонақтарымыз келе бастады, дастархан басына жайғастырып жатқанда келгендердің бірі қатты дауыспен «Шелпектің исламға түк қатысы жоқ» деп айқайсалды. «Қазақтың дәстүрі ғой» деп тақырыпты ауыстырайын деп едік, әлгі адам ашуын баса алмай одан әрі жалғастыра кетті.  Қонақтардың түрлісі болады екен, отырыстың күл талқаны шықты. Неге солай?