Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Смартфон қай жылы пайда болды?

Талқылау
Пікір
Нурик
05 Желтоқсан, 22

Смартфонды алғаш рет жасап шығару әрекеті 1992 жылы 23 қарашада концепция ретінде көпшілікке ұсынылды. Ең алғашқы ұсынылған смартфон IBM Simon телефоны болып саналады. 1994 жылы бұл құрылғыны америкалық ұялы байланыс операторы BellSouth сатылымға шығарды, құрылғының құны келісімшартпен 899 долларды, келісімшартсыз 1000-нан аса долларды құрады.

Смартфонның “арғы аталары” болып есептелетін алғашқы телефондарды 1990-жылдардың басында американдық IBM компаниясы шығарған. Олар бірқатар функцияларға ие болды: факсты қабылдай алды, электрондық поштамен жұмыс істеу мүмкіндігі болды, ішінде бірнеше ойын да болды. Олардың салмағы 1 килограмнан асты, сондықтан бұл марканың таралуы қиын еді. 

«Смартфон» термині 2000 жылы Sony Ericsson R380s телефонының жаңа моделін шығарған кезде пайда болды. Оның салмағы 150 граммнан асатын, сенсорлық экран топсалы қақпақпен жабылған.

Смартфондардың сериялық өндірісін алғаш бастаған Nokia еді. Nokia телефондарының негізгі артықшылықтары шағын өлшемді болуы, Symbian операциялық жүйесі, көп функциялы және түрлі-түсті экраны болды. Бірақ кемшіліктер де жоқ емес еді: шағын жад, қосымша жад картасын орнату мүмкіндігінің жоқтығы.
 

 

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
3 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?