Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Наурыз мерекесі қалай тойланады?

Талқылау
Пікір
Айшабибі
06 Желтоқсан, 22

Наурыз мерекесі - 22 наурыз күні тойланатын түркі халықтарының мерекесі. Ол парсы тілінен аударғанда "нау" - жаңа, "рыз" - күн деген мағынаны білдіреді. Бұл кезде күн мен түн теңесіп, ел-жұрт қиын-қыстау аязды күндерден аман шыққанын тойлайды. Көктемнің келуін жаңашылдықпен, тазарумен байланыстырады. Қазақтар наурыз күні ұлттық киім киіп, ауыл-ауылды аралап, киіз үй тігеді. Ет асылып, халық асыр-салып той тойлайды. Жеті түрлі астан Наурыз көже дайындайды.  Жеті түрлі ас - ет, су, ұн, май, тары (оны күрішпен немесе жүгерімен алмастыруға болады), тұз және сүт. Әр өнім өмірдің жеті қағидасының бірін білдіреді: өмір, сәттілік, бақыт, байлық, денсаулық, даналық және қамқорлық.

Наурыз көжеден бөлек, қазақтың ұлттық тағамдары - бауырсақ, сүт өнімдері дастарқанға жайылады.

Көңілді жұрт суырыпсалма ақылдардың өлеңі мен ән-жырын тыңдап, айтысын тамашалайды. Сал-серілер өнер көрсетеді. Ұлттық ойындар ойналып, жарыстар өткізіледі. Оның ішінде қазақша күрес, тоғызқұмалақ, бәйге, көкпар, қыз қуу сынды ойындар бар. Сондай-ақ, қыздар мен жігіттер алтыбақан тебеді.

Мерекелер категориясындағы басқа сұрақтар
1
Азамат
1 жыл бұрын пайда болды

Наурыз мейрамы қай елдерде тойланады?

0
Adlet
3 жылы бұрын пайда болды

Қарттар күнімен құттықтау?

1
Гүлжанат
7 жыл бұрын пайда болды

Наурыз көженің құрамына кіретін жеті өнім қандай?

1
Парасат
7 жыл бұрын пайда болды

Неліктен 1 сәуір күлкі күні аталды?

1
Айдын
7 жыл бұрын пайда болды

14 наурыз - көрісу күні. Көрісу күні қандай мейрам?