Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Ірімшік қалай жасалады?

Талқылау
Пікір
Әлібек
07 Желтоқсан, 22

Қазақтарда ірімшіктің ақ, сары және қызыл түрі болады. Десе де олардың дайындалуында айтарлықтай ерекшелік жоқ.

Жаңа сауылған жылы сүтті ұйытып, қайнатады. Қайнаған ірімшік қызыл не сары түске айналады. Содан кейін оны сүзіп, дорбаға салады да, күннің көзіне кептіреді. Өйткені кепкен ірімшік бұзылмайды. 

Ақ ірімшікті жасау үшін сүтке айран қосып, ірітеді. Кейде ашып қалған, өздігінен ұйыған сүттің айранын сүзіп алады. Ірімшік кеуіп кетпесін десеңіз, дымқыл матамен, содан соң сыртын қағазбен, полиэтилен пленкасымен немесе фольгамен орайды. Матаны тәулігіне 1—2 рет сумен мұқият шаю керек. Сондай-ақ, ірімшік тұрған ыдысқа қант салып, мықтап орауға болады.

Әртүрлі категориясындағы басқа сұрақтар
0
Aida
3 апта бұрын пайда болды

Абай және Павлодар облысы филиалы ма әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма? Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

Қайырлы күн!

 

Абай және Павлодар облысы филиалы ма  әлде Абай және Павлодар облыстары филиалдары ма?

 

Көптік жалғау жалғана ма жоқ па? Дұрыс жазылуының дәлелі ретінде қандай ережені бағытқа алуға болады? 

 

Рахмет

 

2
Жангүл
1 жыл бұрын пайда болды

Қазақстандағы ең ірі өзен қалай аталады?

1
Ақтілек
1 жыл бұрын пайда болды

Австралияда қай айда күн жылы болады?

2
Ғарыш
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең ұзын таудың атауы?

1
Ұлжан
1 жыл бұрын пайда болды

Әлемдегі ең қатты металл не?