Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жеке куәлік қалай аламын?

Баршын
Жауап қалдырылды 21 Қар, 16

Төмендегі құжаттардың бірі:

  • туу туралы куәлiк (16 жасқа толған соң жеке куәлiк алу кезiнде, 16 жасқа дейiн паспорт алу кезiнде);
  • ҚР азаматының паспорты (паспорт ауыстырған кезде);
  • Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi (жеке куәлiктi ауыстырған кезде, 16 жасқа толған кезде бiрiншi рет паспорт алған кезде);
  • iшкi iстер органдары беретiн белгiленген нысандағы ҚР азаматтығына қабылданғаны туралы анықтама (ҚР азаматтығына қабылдануға байланысты құжаттарды алған кезде);
  • Қазақстан Республикасының шетелдiк мекемелерi берген қайтып оралу куәлiгi (Қазақстан Республикасы азаматының паспортын шет елде уақытша жүргенде жоғалтқан кезде);
  • еркін нысандағы жазбаша өтініш (азаматтың хал актісіне туу туралы, туған жері, ұлты туралы өзгерістерді енгізе отырып айқындамалық деректерді өзгерткен, жоғалған жеке куәлік және (немесе) паспортты қалпына келтіру мәселесі бойынша жүгінген кезде).
Баршын
Жауап қалдырылды 21 Қар, 16

Қызметті «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ арқылы алу (қажетті құжаттар):

  1. 3,5х4,5 см форматындағы екі фотосүрет;
  2. Құжат үшiн мемлекеттiк баж төлегенi туралы түбiртектi (мемлекеттiк баж төлеуден босатылған тұлғалар растайтын құжаттарын) ұсынады.
Қазір оқып жатыр