Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Балаларым араққа әуестенбес үшін не істеу керек?

Айдар
Жауап қалдырылды 12 Қаң, 17

(Жалғасы) Мұндай жағдайға жол бермес үшін, француз нұсқасын қолданып көруге болады. Бұл елде ата-аналар баласын шарапқа деген құрметке үйретіп, дәм сезуге назарын аударады. Ол кішкентай балаларға түрлі спиртті ішімдіктер ішуге жол берілген деген сөз емес. Бірақ жасөспірімдерге шараптың шығу таризы туралы түрлі оқиғалар айтып, ұрттауға рұқсат беріледі. Осылайша, ішімдікке тыйым салынбайды және оған деген қызығушылық та оянбайды. Француздардың сенімі бойынша, шарап ішімдікке сылқия тойып, өз әрекетін есеп бере алмайтындай мастық халге түсу үшін емес, тағамның дәмін айрықша ету үшін жасалады. 

Айдар
Жауап қалдырылды 12 Қаң, 17

"Жай ғана тыйым салу" іске аса қоймас. Оны өзіңіз де жақсы түсінесіз. 

Мұндай сұраққа нақты жауап беру мүмкін емес. Балаңыз бойына сіңіріп өскен отбасыңыздағы дәстүрден көп нәрсе байланысты. Оған қоса балаңыздың достары, қоршаған ортаның да әсері жоқ емес. Егер оның достары сабаққа, спортқа ден қойса, олар үшін ішімдік бірінші орында тұрмайды. Ал баланың бос уақыты көп болса, зиянды әдеттерге әуестену қаупі жоғары. 

Егер балаңыз тек ішімдіктің жаман екендігін ғана білсе, жалындап тұрған шағында дәмін татып көргісі келері анық. Ішкеннен көңілі көтеріледі. Ал тыйымды бұзғандығынан туындайтын мастықтың күші одан да зор. Жасөспірім үшін тамаша сезім.

Қазір оқып жатыр