Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Үсіген картопты қалай анықтай аламын?

Динара
Жауап қалдырылды 20 Қаң, 17

Жалпы, кәдімгі картоп қатты әрі тығыз болады. Ал үсіген картоп - жұмсақ және кей жерлері сулы. Сондықтан мұнда үсіген картопты ажырату оңай. Бірақ кейде сатушылар қулыққа салынып, үсіген картопты жібіп үлгермеген күйінде сөреге қояды. Бұл ретте ел арасында тараған қулықты қолданыңыз. Картопты ұстап көріп, оған қаттырақ үрлеңіз. Егер бетіндегі тозаң ұшпаса, үсігендігінің белгісі. Үсімеген картоптың бетіндегі топырақ құрғақ болады. 

Қазір оқып жатыр