Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Қазақстанда уақытша жұмысқа жарамсыздық мерзімін қалай алуға болады?

Ақбаян
Жауап қалдырылды 01 Сәу, 16

Еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын мемлекеттік медициналық ұйымдардан, жеке меншік медициналық ұйымдардан, еңбекке уақытша жарамсыздыққа сараптау жүргізетін медициналық қызмет түрін жүзеге асыруға лицензиясы бар жеке медициналық практикамен айналысатын дәрігерлерден алуға болады. Еңбекке жарамсыздық анықтамасы мынадай ауру түрлері анықталғанда беріледі:

  • жарақаттанғанда, ауырғанда, уланғанда;
  • инвазивтік тексеру әдістерін жүргізу барысында консультациялық-диагностикалық ұйымдарда қараудан өткенде;
  • спиртті ішімдік ішкен немесе есірткі шеккен жағдайда жарақаттанғанда, не олармен уыттанғанда;
  • басқа да аурулармен асқынбаған созылмалы спиртті ішімдікке не есірткіге салынудан емделген кезде;
  • жүктілікті жасанды жолмен үзгенде;
  • аяғы ауыр болған уақытта және босанғанда;
  • жаңа туған нәрестені асырап алған жағдайда;
  • науқас балаға күтім көрсеткен уақытта;
  • карантин жағдайында;
  • санаторий, курортта емделген уақытта;
  • протез салған кезде.
     
Қазір оқып жатыр