Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жеке куәлікті жоғалған жағдайда қалай қалпына келтіруге болады? Және төлқұжатты қалай қалпына келтіре аламын?

Рауан
Жауап қалдырылды 11 Ақп, 16

Жеке куәлігіңізді немесе төлқұжатыңызды жоғалтып алсаңыз, тіркелген орныңыз бойынша халыққа қызмет көрсету орталығына: (ЦОН) жеке куәлігіңіздің немесе төлқұжатыңыздың жоғалу жайын баяндайтын өтінішті; жоғалған куәлігіңіздің, төлқұжатыңыздың көшірмесін (егер бар болса); бір ғана құжат жоғалған жағдайда төлқұжатыңыздың не жеке куәлігіңіздің көшірмесін және түпнұсқасын (тексеріс үшін); мекен-жай анықтамасын немесе үй кітабының көшірмесін және түпнұсқасын(тексеріс үшін); туу туралы куәліктің көшірмесі; жеке куәлік жоғалса, өлшемі 3,5х4,5 см. 2 дана фотосуретіңізді, төлқұжатыңыз жоғалса өлшемі 3,5х4,5 см 3 дана фотосуретіңізді; жеке куәлік жоғалса, 0,2 АЕК (МРП/370 теңге) көлемінде, төлқұжатыңыз жоғалса, 4 АЕК (4 МРП/7408 теңге) көлемінде мемлекеттік баж алымын төлегендігіңізді растайтын түбіртекті тапсырасыз. Жаңа куәлігіңіз дайын болғанша, сізге уақытша куәлік беріледі. 

Қазір оқып жатыр