0 интересует 0 не интересует
спросил 03 Июнь, 16 от Ұлан в категории Әртүрлі

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Мақсатқа жетудің жолдары:

  • Алдыңызға белгілі бір мақсат қойып, оны ой елегінен өткізіңіз. Мақсат нақты әрі ақиқатқа сай болуы тиіс. 
  • Өз мүмкіншілігіңізді бағалаңыз. Өзіңіздің қазіргі күйіңіз бен мақсатыңыздың арасындағы ара-қатынасты бағамдаңыз. Бойыңызда қандай қасиеттер табылады, нені білесіз, не істеуге қабілеттісіз. Мұның барлығы да мақсатқа жету үшін ескерілуі қажет. 
  • Өзіңіздің болашақта қандай боларыңызды, неге қол жеткізетініңізді елестетіңіз.
  • Сіздің мақсатыңыз "Қайда?" және "Қашан?" деген сұрақтарға жауап бере алуы тиіс. Ол ниетіңіздің межелеген уақытыңызда, межелеген жеріңізде орындалуы үшін қажет. Нақтылық бар кезде мақсатқа жету де оңайырақ түседі. 
  • Мақсатыңыздың дұрыстығын саралаңыз. Оның нәтижесі зиян алып келмеуі тиіс. Қалаған нәтижеңіздің өзіңіздің және өзгелердің өміріне қалай ықпал ететінін анықтау білу қажет. 
  • Алдыңызға мақсат қойғаннан кейін, оған жету жолдарын ойластыруыңыз керек. Мақсатыңыз сияқты, оған жету жолдары да нақты әрі ақиқатқа негізделген болуы шарт. Аталғандарды әбден ойластырғаннан соң, нық қадам жасауға қорықпаңыз. Мақсатқа жетуіңізде жасаған әрекеттеріңізден бұрын, әрекетсіздігіңіз бөгет болуы мүмкін. 



 


 

ответил 03 Июнь, 16 от Эльмира