Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
Шымкентте мопед мінген курьер қоршауға соғылып, қаза болды
Маман кез келген жаста өзіңді жақсы сезінудің төрт жолын атады
Байден Трамппен дебатқа түсуге дайын екенін хабарлады
Семейде 25 жолсерікті екі жыл бойы бопсалап келген блогер сотталды
Ақтауда бала бесінші қабаттың терезесінен құлап, мерт болды
Президент мемлекеттік наградалар туралы заңға қол қойды
Тоғыз кәсіпкерді алдап кеткен қазақстандық Ресейден экстрадицияланды
Қазақстанда жұмыртқа бағасы тағы да өзгерді
Статистика: Қазақстанда әйелдер уақытын неге жұмсайды
"Оқушы қыз жүкті емес": Түркістан облысы полициясы жасөспірімді зорлау оқиғасы туралы түсініктеме берді
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою
Дін категориясындағы басқа сұрақтар
Жүктілік кезінде шаш қидыруға бола ма?
1
1
1
1
0
Айғаным 05
1 жыл бұрын пайда болды
Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?
Медресеге түсу үшін қандай экзамен тапсырады?
Cайтқа кіру
Ең танымал
Барлық айдарлар
Мақал-мәтелдер
49
Қазақтың салт-дәстүрлері
14
Эссе мен шығармалар жиынтығы
23
Нақыл сөздер
7
Жұмбақтар
2
Білім, ҰБТ
207
Денсаулық
192
Махаббат
18
Мерекелер
25
Тарих
54
Құттықтау тілектер
39
Сценарий
6
Үйлену тойы
13
Дін
81
Кино мен ТВ
2
Ұстаздарға
13
Танымал тұлғалар
90
Қазақ әдебиеті
121
Компьютер және интернет
17
Қазақстанның көрнекі жерлері
20
Әлем бойынша
38
Қоғам және саясат
70
Жануарлар және өсімдіктер
58
Жұлдызнама және жорамал
17
Түс жору
17
Ғылым және техника
49
Сән және сұлулық
48
Заңгерлік кеңес
17
Әртүрлі
250
Қаржы кеңесшісі
11
Ойындар
10
"Шаш қисаңыз болашақ балаңыздың ғұмыры келте болады" дейтін ырым анда-мұнда кейде айтылып жататындығы рас. Бірақ, мұндағы ырымның шындыққа жанаспайтындығы айтпаса да белгілі. Қанша шаш қимай жүрсек те өлшенген өмірді ұзарту қолдан келмейді. Құран Кәрімде жаратушы Алла тағала былай дейді:
«Алла (Т.) сендерді топырақтан, сосын ұрықтан жаратып, кейін сендерді жұп-жұп қылды. Ешбір ұрғашы Алланың білуінен тыс жүкті болмайды да, тумайды. Алланың Жазмышында (кітабында) жазылған өмір ұзартылмайды да, қысқартылмайды. Әрине бұл Аллаға оңай».
Сондай-ақ, сахих риуаяттарда Пайғамбарымыздың жұбайлары қажет кезде шаштарын қиғандықтары айтылған.
Ендеше, аталмыш ырымды негізсіз деп санаймыз. Қажет болып жатса, жүктілік кезінде де шашты қидырудың ағаттығы жоқ.
Медицина тұрғысынан:
Деректерге сүйенсек, жүктілік кезінде шашты қидырудың іштегі балаға ешқандай тигізер зияны жоқ. Бірақ, химиялық қоспалары бар шаш бояғыштарды жүктіліктің 4 (төртінші) айына дейін (толық үш ай) қолданбаған дұрыс. Себебі, аммияк, резорцын сынды химиялық қоспалар әлі толық жетілмеген іштегі шақалаққа зардабын тигізуі мүмкін.
Қосымша мәлімет:
Осы тұрғыда жүктілік кезіндегі әйел шашының жағдайы жайында айтылған қысқаша мәлімет бөлісе кетелік.
1. Жүктілік кезінде әйелдердің шаштары мықты әрі жуан болып, жылтырау қасиеті артады екен. Оның себебі әйел ағзасы бөлетін гормондардың жүктілік кезінде көбеюінде жатыр.
2. Ұзақ уақыт бойы бас терісінде тұратын шаштарымен қатар жаңадан шаштар өсіп шығып, жүкті әйелдің шашы қалыңдай түседі. Бірақ босанғаннан соң шаш қайта жұқарып кететіні де бар.
3. Химиялық қоспалары бар шаш бояғыштарды қолданбау керек. Мамандардың айтуына қарағанда, бояу құрамындағы химиялық заттардың бас терісіне өтіп, сол жерден қан тамырларына өту арқылы жатырдағы балаға әсер етуі мүмкін делінген.
Абдусамат Қасым