0 интересует 0 не интересует
спросил 06 Июнь, 16 от Секен в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Көздің көруін жақсартатын жаттығулар:

  • "Өңдеу" жаттығуы. Бір межені таңдап алып, көзіңізді жыпылықтатудың көмегімен "өткір көз" режиміне өтіп, межеге қадала қарап, оның әр бөлігін қарап шығуға тырысыңыз. Таңдаған затыңыздың бөліктерін қарап отырып, қарашығыңызды әлденені өңдегендей дөңгелете баяу ғана айналдырыңыз. Таңдаған межеңізге барынша ұзақ қарауға тырысыңыз. Тағы да көзіңізді жыпылықтатып, "өңдеуді" жалғастырыңыз. 
  • "Жарық сәулесі" жаттығуы. Бұл жаттығуды жаймашуақ күні жасаған жөн. Алайда электр жарығын да пайдалануыңызға болады. Көзіңізді қатты жұмыңыз, бірақ күш түсірмеңіз. Бетіңізді жарық көзіне қарай тосыңыз. Жаттығуды күніне 5-6 рет жасаңыз.
  • "Сегіздік" жаттығуы. Бір затты меже ретінде таңдап алып, көзіңізді жыпылықтатып, межеге қадала қараңыз. көзіңізбен сегіз санының суретін салыңыз. Межеден ұзақ уақытқа көзіңізді алмауға тырысыңыз. Жаттығу барысында басыңызды шайқап, қарашығыңызбен сегіз санының суретін салуды тоқтатпаңыз.
  • "Демалу" жаттығуы. Көзіңізді жұмып, оң көзіңізді оң қолыңыздың алақанымен, сол көзіңізді сол қолыңыздың алақанымен басыңыз. Саусақтарыңыз маңдайыңызда "үшінші көз" аймағында түйіседі. Көзіңізді қараңғылыққа үйретіп, көз алдыңызда пайда болған түрлі бейнелерді қарашығыңызбен қара түске бояңыз. Көзіңіз тынығып, өзіңіз қалаған әсерді алғанша жаттығуды жалғастырыңыз.
  • "Қытай қалпағы" жаттығуы. Жаттығуды бастамас бұрын бір межені белгілеп алыңыз. Белгілеген межеңізге қадала қарап, көзіңізді жыпылықтатыңыз. Мұнан кейін басыңызды шайқаңыз, бірақ көзіңізді межеден тайдырмаңыз. Көз алдыңыз бұлдырай бастаған уақытта көзіңізді жыпылықтатып, қайтадан жаттығуды жалғастырыңыз.
ответил 06 Июнь, 16 от Мереке