0 интересует 0 не интересует
спросил 07 Июнь, 16 от Айдын в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Көк шайдың пайдасы мен зияны

Көк шайдың пайдасы: 

Көк шайдың көптеген қасиеті құрамында түрлі химиялық заттектердің болуымен түсіндіріледі. Шайдың негізі құрамында 500 жуық элемент (кальций, фосфор, магний, фтор және т.б.),  органикалық қосылыстардың 450 түрі(ақуыздар, майлар, т.б.) және дәрумендердің барлық тобы бар. Сондықтан көк шайдың пайдасы мол. 

Көкшайдың құрамындағы пайдалы заттардың кейбіріне тоқталсақ:

Алкалоидтар. Көк шайдағы басты алкалоид – кофеин. Дәл соның арқасында көк шай тәнімізге қуат, жаңа серпін береді.

Минералдар. Көк шайдың құрамында 4-7% микро және макроэлементтер бар. Ол бүкіл ағзаның дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет.

Полифенолдар.  Көптеген ғалым күні бүгінге дейін палифенолдарды зерттеп келеді. Олар медицинада жүрек-қан тамырлары аурулары мен онкологиялық ауруларды емдеу үшін қолданылады.

Көк шайдың зияны:

  • Көк шайдың құрамындағы кофеин жүйке жүйесін қоздырып, соның салдарынан жүйкесі жұқарған адамдарда ұйқы бұзылып, әлсіреуі мүмкін. Мұндай адамдарға көк шайда ұйықтар алдында ішпеген жөн. Тек таңертең аздаған мөлшерде ішу жеткілікті.
  • Әйелдер етеккір уақытында, жүкітілік және бала емізу кезеңдерінде, босанар алдында көк шайдан бас тартқаны абзал.
  • Көк шай көбіне қан қысымын түсіреді, сондықтан гипотонияда оны көп ішудің зиянды екені айтылады. Алайда көк шайдың гепертонияның асқынған түрінде пайдасы бар.
  • Егер сізде қандай да болсын созылмалы ауруыңыз асқынған болса, онда көк шайда абайлап ішу қажет. Әсіресе, асқазан жарасынан зардап шегетін адамдардың көп ішпегені дұрыс. Себебі көк шай себепті асқазан сөлінің қышқылдығы артады.  
ответил 07 Июнь, 16 от Ермахан