0 интересует 0 не интересует
спросил 07 Июнь, 16 от Дулат в категории Денсаулық

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Күнге күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек

Ең алдымен күйіктің орынындағы ауыруды қаалй жеңілдету керектігі жайлы сөз қозғайық. Егер теріңіз күнге күйген болса, ең алдымен оны күн көзінің түсуінен қорғау қажет. Ең дұрысы – үйге, ғимаратқа кіру. Егер ол мүмкін болмаса, ультракүлгін сәулелерін аз өткізетін киіммен жапқан жөн. Кейбір мамандар суық сумен суланған мақтадан тігілген кең киім кию керектігін айтады. Немесе денені дымқыл орамалмен жапқан дұрыс.

Мұнан кейін теріні салқындатып, ауруды басу үшін күйген орынға салқын компресс тартқан жөн. Егер денеңіздің көп бөлігі күйген болса, онда салқын душ астында тұруыңызға болады. Ал салқын су толтырылған ваннада жату одан да жақсырақ. Ең маңыздысы, суға түсу барысында теріңізді қатты аққан сумен не дене ысқышпен жарақаттап алмаңыз.

Күнге күйген кезде көрсетілетін алғашқы көмек барысында халық арасында кең таралып, қауіпсіз саналатын құралдар қаймақ, айран, ашыған сүт, түймедақ, шайқурай, емен қабығының қайнатпасы, қайнатылған шай, шикі картоп, алоэ шырыны және т.б. болып табылады. Бірақ кей жағдайда аталған заттардан гөрі дәріханадағы дәрілер қолжетімді болып жатады. Ал дене қатты күйіп, жағдай күрделі болса, бірден дәрігерге қаралған жөн. 

ответил 07 Июнь, 16 от Әділет