БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
Сұрақтар мен жауаптар
Сұрақ қою

Жожоба майы несімен пайдалы?

Талқылау
Пікір
Айғаным
03 Шілде, 18

Жожоба майының пайдасы

Жожоба майын ерекші әрі сиқырлы әсерге ие табиғи дәрі-дәрмек деп атасақ, артық етпейді.

Оның мынадай пайдасы бар:

  • терідегі безеуді, бөртпелерді, терілік ауруларды, терінің қабынуы, нейродермитті, есекжем, теңге қотырды кетіреді;
  • терінің созылуын, тыртықты кетіре алады;
  • серпімділігін жоғалтқан, қартайған теріні жасартады;
  • бет терісінің тегіс еместігін, түсінің көмексілігін, сұрғылттығын жояды;
  • көздің айналасындағы әжімдерді кетіреді;
  • сезімтал, тез тітіркенетін теріні емдейді;
  • сынғыш, құрғақ, көмескі түсті шашты емдеп, қайызғақты кетіреді;
  • құрғап, жарылып кеткен ерінді ылғалдандырып, қалпына келтіреді;
  • тамырлардың қабынуын басады;
  • алақан, шынтақ және табан терісін жұмсартады.
Жайна
03 Шілде, 18

Жожоба майының негізгі қасиеттері:

  • қабынуға қарсы әсері бар;
  • жұмсартатын әсерге ие;
  • теріге тез әрі жақсы сіңеді:
  • теріні ылғалдандырады;
  • зақымдалған жасушаларды қалпына келтіреді;
  • шаштың жағдайын жақсартады;
  • антиоксидант әсері бар;
  • жасартатын әсерге ие.
Денсаулық категориясындағы басқа сұрақтар
1
Ерасыл
1 жыл бұрын пайда болды

Шынашақ деген қай саусақ?

1
Admin
1 жыл бұрын пайда болды

Менструалдық цикл дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Стресс дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Пандемия дегеніміз не?

1
Nazarkhan
2 жылы бұрын пайда болды

Антисептик дегеніміз не?