0 интересует 0 не интересует
спросил 09 Июнь, 16 от Сұңғат в категории Қазақ әдебиеті
редактировать 09 Июнь, 16

1 Ответ

0 интересует 0 не интересует

Оралхан Бөкейдің "Қар қызы" повесінің қысқаша мазмұны

Оралхан Бөкейдің "Қар қызы" повесінде Алтайдың қақаған аязында далада қалған үш жігіттің жайы сөз болады. Әкелері соғысқа кетіп, сонда қаза тапқан жігіттер соғыстан кейін туылған. Ауыл басшысының бұйырығымен қыс ортасында шайлғайдағы ауылдан шөп әкелуге аттанған үш жігіттің бастан кешкен оқиғасы повеске арқау болады. Негізгі кейіпкер Нұржан мен жанындағы екі жолдасы шөп әкелуге бара жатып, шалғай ауылдағы кемпір-шалдың үйіне түседі. Олардың Алмажан есімді бір қызы бар. Қыз бойында әлдеқандай жұмбақ жатқандай еді. Мұнан соң алыс сапарға қайта аттанған жігіттер бірер күннен кейін айдаладан  жалғыз үйді көреді. Ол үйдің иесі кержақ шал еді. Түнеуге сұранған  жігіттерді шал самарқау қарсы алып, ас-су беруге де жарымайды. Нұржанның жанындағы жолдасы Аманжанның мінезі де түрі де үйіне түнеуге рұқсат еткенін міндетсінген кержақ шалдан айнымайтын еді. Ертесіне шалдан жол сұраған жігіттерге кержақ шал бұрыс жол көрсетіп, адастырып жібереді. Жапан далада ақ қардың арасында қалған үшеуінің өлім мен өмір арасындағы күресі енді басталған еді. Жылынар пана таппаған үшеуі ұйықтап кетіп, жан тәсілім етудің аз-ақ алдында ғана қалғанда Қар қызы Нұржанды оятады. Сөйтіп үш жігіт өлімнен аман қалады. Сыңсып ән салатын қар қызы Алмажан мен Нұржан бас қосып, шаңырақ көтереді. Аманжан кержақ шалдың үйінде қалады.

ответил 09 Июнь, 16 от Нұрдәулет